astana-view

Армандар орындалғанда...

2016 жылғы 27 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7534 просмотров

Петропавл халқы сырқатқа душар болған сәбилер – Иван  Зологин мен  Дарья Овсянкинаның еміне 300 мың теңге жинап берді. Ваняның екі бүйрегі де гипоплазияға ұшыраған, ал Дашаның жүрегінде ақау бар.

Облыстық филармония үйінде балаларды  қорғауға арналған қайырымдылық кеші болып өтті. Балалардың көңілін аниматорлар, сайқымазақтар, шығармашылық ұжымдар көтерді. Ал қолданбалы өнер жәрмеңкесінде әдемі және бірегей ойыншықтар  сатуға қойылды.  Түскен ақша сырқат сәбилердің ата-аналарына берілді. Сонымен қатар сол күні Полудин балалар үйі тәрбиеленушілеріне «Армандар орындалады»  атты акция болып өтті.  Олар  еріктілермен бірге «Тілек ағашына» жүрек түкпіріндегі армандарын айтты. Қоғамдық ұйымдар да, мемлекеттік мекемелер де акцияға қатысуға шақырту алды. Аудандағы жеке кәсіпкер Крестина Полякова да осы қайырымдылық шарасына бей-жай қарай алмады.  Ол СҚО КП Мамлют ауданы филиалы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі мүшесі болып табылады.

«Әрбір ауданда  біздің ықыласымыз бен қолдауымызға мұқтаж балалар бар, сондықтан мен  Іскер әйелдер кеңесі жиналысында Мамлюткада да осындай қайырымдылық кешін өткізуді ұсынамын. Кішкентай тұрғындарымыз өз тілектерін жазса, біз аудан кәсіпкерлерімен бірлесіп, тілектерін орындасақ,  қандай ғанибет болар еді. Бала арманы орындала берсе екен!», – деп ағынан жарылды кәсіпкер әйел.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер