astana-view

ФАО Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ

2016 жылғы 02 Тамыз
10624 просмотров

Нұржан Әлтаев Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) Байланыс жөніндегі бюро басшысы Бранко Болатұлымен ынтымақтастық мәселесін талқылады

Кездесуде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев «Атамекеннің» ФАО-мен ынтымақтастық орнатуына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ҰКП-ның Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы жұмысы туралы айтып берді.

Бранко Болатұлы ФАО-ның жалпы қызметі, сонымен бірге Байланыс жөніндегі бюроның Қазақстандағы міндеттері туралы ақпарат берді. Мысалы, оның айтуынша, халықаралық ұйым ретінде ФАО ұлттық аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыруға толығымен қамтитын сарапшылық қолдау көрсетеді, түрлі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асырады, түрлі қорлардың гранттарын, сонымен бірге халықаралық қаржы институттарының инвестицияларын тартуға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Сарапшының сөзінше, бұдан бөлек, түрлі бағыттардағы жобаларды жүзеге асырудың көптеген жолдары бар. Онда ФАО инвестициялар алу үшін катализатор бола алады.

Кездесу барысында қазақстандық тараптың ФАО арқылы өзекті мәселелерді шешуге халықаралық тәжірибені зерттей отырып қолдану мүмкіндігі талқыланды. Олардың ішінде, АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қол жеткізуін жеңілдету (оның ішінде, микронесиелеу жөніндегі жұмыстарды қарқындату), субсидиялау тиімділігін арттыру, Қазақстанның әлем нарығындағы органикалық өнім және т.б. өндірісіндегі нарықтарды игеруі салмақталды.

Нұржан Әлтаев «Атамекен» ҰКП мен ФАО арасындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қоюды ұсынды. Онда ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа арналған бағыттар баяндалады, сонымен бірге ол ФАО-мен арадағы өзара әрекеттестікті белсендендіруге даярлығы туралы да жеткізді.

Анықтама үшін: ФАО – бұл 1945 жылы негізі қаланған БҰҰ-ның ең үлкен агенттігі. Ұйымның әлемнің 90-нан астам елінде өкілдіктері, барлық құрлықтарда 5 өңірлік кеңсесі, 5 өңірішілік кеңселер мен байланыс кеңселері бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер