astana-view

Ғаламтор арқылы сатылса, қалай чиптеледі?

2016 жылғы 09 Тамыз
9494 просмотров

Қазақстан былғары сауда-өнеркәсіп қауымдастығының президенті Сергей Ведяшев аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерге назар аударды

Оның айтуынша, таңбалауды енгізу мәселесі ЕАЭО-да осымен екі жыл қатарынан талқыланып келеді. Осы уақыт аралығында, процеске Ұлттық палатының араласуының арқасында, салалық қауымдастықтар жобаға қатысты өз пікірлерін ашық түрде айтуға мүмкіндік алған.

«Оның ішінде, өткен жылдың қазан айында, «Атамекен» ҰКП алаңында біз мемлекеттік органдарға көлеңкелі импортқа қатысты қауіптер мен Қазақстан нарығына көрші елдерден келетін контрабандалық өнімдер туралы айтқан болатынбыз. Сол кездің өзінде-ақ, көптеген мәселелердің, мысалға, аң терісінен тігілген өнімдерді ғаламтор арқылы саудалау сынды жайттар пилоттық жобаға енгізілмегенін көрдік», – деп атап өтті Сергей Ведяшев.

Қазақстан былғары сауда-өнеркәсіп қауымдастығы басшысының пікірінше, жобаның қысқа мерзімділігі мен ескерілмеген тетіктері, бизнеске ғана емес, мемлекеттік органдардың тұрақты таңбалауды енгізу шешіміне де әсер етпек.

«Биылғы жылдың мамыр айында Ұлттық палатаның шақыртуымен біз Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда бойынша төралқа (министр) мүшесі В.Никишинамен өткен кездесуге қатысып, тағы да күрделі мәселелер турасында ой қозғадық. Бір айта кетерлігі, Комиссия аң терісінен тігілген тондарды таңбалауды қос қолдап қолдады. Алайда, бір ескерерлігі, Қазақстанның барлық аймағы 100% ғаламтормен қамтылмаған. Ал тондарды тігу, әкелі сату ісімен айналысатын әр кәсіпкер тіркелуі керек ақпараттық жүйе туралы айтпаса да түсінікті», – деді С.Ведяшев.  

Десе де, оның сөзіне сүйенсек, бизнестегі шешілмеген түйткілді мәселелердің орын алуына қарамастан, кәсіпкерлердің көпшілігі жобаны жүзеге асыруға қажет үрдістерге дайындық жұмыстарын жүргізген. «Қазір біз күтудеміз: әзірге жүйенің қай уақытта өз жұмысын бастайтыны туралы және біздің бақылау таңбаларын қай жерден алатынымыз турасында нақты ақпарат жоқ», – деп атап өтті С.Ведяшев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер