astana-view

Ештен кеш жақсы

2016 жылғы 09 Тамыз
- Ақмола облысы
7581 просмотров

Шенеуніктердің қателігі кәсіпкердің мәселесін тез арада шешуге жол бермеді

Сандықтау ауданындағы лауазымды тұлғалардың ұқыпсыздығы бизнесті дамытуға кедергі келтіріп отырғандығы туралы айтқан болатынбыз. Өкінішке орай, осы жайт тағы  қайталанды.

Биылғы жылдың шілде айында өңірлік Кәсіпкерлер палатасының Ақкөлдегі филиалына Қартош Асылбек жүгінген еді. Кәсіпкер жылжымайтын мүлікке құқық тағайындау құжаттарындағы қателіктерді түзетуге көмек сұраған-ды. Өтініш иесінің айтуынша, ол бірнеше рет «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алу үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына қажетті материалдарды беруге талпынған болатын, алайда құжаттар әлі қабылданбай келеді.

Өтінішті зерттеу кезінде филиал сарапшылары Тұрғындарға қызмет көрсету орталығынан №2 үлгіні алу кезінде «жекеменшік иесі туралы мәлімет» бағанында меншік құқығының туындау негіздерінің, атап айтқанда, заңдастыру туралы шешімнің көрсетілмегенін анықтаған болатын.

Бүгінгі таңда заңдастыру туралы комиссияның құрамы толық жаңартылды, алайда оның бұрынғы мүшелерінің біліксіздігі кәсіпкер жұмысының ілгері басуына кедергі келтіріп отыр.  

ӨКП филиалының сарапшылары Жылжымайтын мүлік орталығы, сәулет  және қала құрылысы бөлімі, әділет басқармасы, экономика және қаржы басқармасы секілді тиісті тараптарға өтініш жолдады. Соның нәтижесінде барлық қағаздар түзетіліп, заңнама аясында тиісті қалыпқа келтірілді. Қазіргі уақытта, Қартош Асылбек, «ЖҚЖК-2020» бойынша қаржы алу үшін құжаттарды Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қарауына  жолдады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер