astana-view

Бизнес-тренинг бес қалада өтеді

2016 жылғы 12 Тамыз
7617 просмотров

Алматыда «Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші кезеңі аясында бизнес-тренингтер басталды

«Қазақстан-Британ университеті» АҚ-ның отандық және шетелдік білікті мамандары Астана, Шымкент, Атырау, Қостанай, Өскемен қалаларында бизнес-оқулар өткізеді.

Тренингке «Атамекен» ҰКП іріктеп, Ұлттық экономика министрлігі мақұлдаған шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.

Тренинг бағдарламасы мен оның өту кестесі «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында орналасқан http://palata.kz/ru/services/1

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысқысы келетін кәсіпкерлер «Атамекеннің» өңірлік Палаталарына, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгіне алады. Жобаға қатысу және құжаттар өткізу шарттарымен «Іскерлік байланыстар» жобасының бетіне өту арқылы  танысуға болады  http://palata.kz/ru/services/1


Еншілес ұйымдар

Серіктестер