astana-view

Ата заң күні – аламан сайыс

2016 жылғы 29 Тамыз
- Ақмола облысы
5001 просмотров

30 тамыз, Конституция күні, Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігінің қолдауымен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауын өткізеді

Жеңімпаздар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» деп аталатын үш аталым бойынша анықталады.

Байқауға қатысуға Ақмола облысындағы 23 компания өтінім берген, оның ішінде мына аталымдар бойынша:

  • «Үздік азық-түлік тауарлары» – 11 компания;
  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» – 6 компания;
  • «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» – 6 компания қатысатын болады.

Байқауда тағам және жеңіл өнеркәсіптің, қайта өңдеу және құрылыс салаларының өнімдері, өнеркәсіптік жабдықтар секілді отандық өндірістің үздік үлгілері назарға ұсынылады деп күтілуде.

Еске салсақ, беделді байқауды өткізу былтырдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, ал жергілікті жерлерде Өңірлік палаталарға жүктелген болатын.  Байқауға қатысудың басты критерилері өндірілетін өнімдер сапасы, орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер бойынша айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапаны басқаруда тиімділігі жоғары тәсілдерді қолдану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру болып саналады. 

Шара Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында өтеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер