astana-view

Шаруаның шығынын өтеуге көмектесті

2016 жылғы 15 Қыркүйек
- Ақмола облысы
7235 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Астрахан ауданының фермері 2 млн теңгеге жуық инвестициялық субсидия алады

Астрахан ауданы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Асхат Бейсенбеновтың айтуынша, оларға «Сулейменов К.С.» шаруа қожалығының басшысы Алтынбек Сүлейменов өндірісін дамытуға жұмсаған қаражатын өтеу мақсатында жүгінген. Биыл жеке активінде 3 мың мал басы, 2800 га алаңы бар шаруашылық, өз қаражатына техника, нақтырақ айтқанда, нарықтағы бағасы 5 млн 7 мың теңге болатын МТЗ 82.1 тракторын сатып алған.

Белгілі болғандай, 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің енгізген ережесіне сай, инвестордың жаңа, бұрын қолданылмаған техника мен жабдықтарды сатып алуға жұмсаған инвестициялық салымы бойынша субсидиялар төленеді.

ӨКП филиалының сарапшылары, «Қазагромаркетинг» АҚ «Агробизнес-2020»  бағдарламасының операторларына өткізуі үшін, шаруаның тездетіп құжаттар жинауына, бизнес-жоспар құруына  көмектесті.

Шаруашылықты тексеруге келген тиісті комиссия құжатта көрсетілген мәліметтерді растап, фермердің өтінішін қанағаттандырды. Ережеге сай, субсидиялау ауыл шаруашылығы техникасы құнының ең жоғарғы көрсеткіші бойынша 50%-ын өтейді. Осындай қуаттылығы бар трактор 3 млн 600 мың теңгеге бағаланады, яғни фермерге 1 млн 800 мың теңге өтеп бере алады. Қазіргі уақытта кәсіпкер берілуге тиісті  қаражатты күтуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер