astana-view

Қазақстан – Гонконг: жемісті ынтымақтастық белестері

2016 жылғы 16 Қыркүйек
6808 просмотров

Қазақстанға «Гонконг» арнайы әкімшілік ауданының қаржы хатшысы Джон Цанг бастаған делегация келді

Делегацияның басты мақсаты – «Бір белдеу – бір жол» бастамасының аясында Қазақстан және Гонконг  арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін зерттеу. Ол үшін «Мариотт Астана» қонақ үйінде, Гонконг сауда-саттығын дамыту жөніндегі кеңесі (Hong Kong Trade Development Council) «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Астана қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының бірлесуімен бизнес-түскі ас ұйымдастырды.

Гонконг тарапынан қаржы, құқық, консалтинг, құрылыс салаларының ірі кәсіпкерлері болды. Ал Қазақстан жағынан «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов және ұлттық компаниялар, қаржы институттары мен салалық одақ өкілдері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатысты.

Қазақстандық бизнес өкілдерімен түскі ас кезінде сөз сөйлеген Джон Цанг, Гонконгта бизнес жүргізудің артықшылығын көрсетіп, гонконгтық әріптестер көрсете алатын қаржылық, құқықтық, консалтингтік қызметтер туралы баяндап берді. Ол Гонконгта жаңа компаниялар құруға немесе инвестиция салуға тілек білдіретін қазақстандық компаниялардың саны артатынына үміттенеді.

Қайрат Келімбетов, өз кезегінде, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын, сондай-ақ, Астананың Орталық Азиядағы басты қаржылық хабқа айналудағы зор болашағын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер