astana-view

Тері бұйымдарын таңбалау басталды

2016 жылғы 28 Қыркүйек
9519 просмотров

Биылғы жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің «2015-2016  жылдарда бақылау белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру шаралары» туралы қаулысы шықты

Аталған құжат аң терісінен жасалған бұйымдар мен киімдерге, киім заттарына қатысты болмақ.

Ұлттық палата барлық кәсіпкерлерге биылғы жылдың 23 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бекітілгенін хабарлайды. Қаулыға сәйкес, өкілетті мемлекеттік органдар аң терісі бұйымдарын таңбалауды енгізу пилоттық жобасын  2016 жылы жүзеге асыру ретін анықтауы тиіс.

Бұған дейін Экономикалық ықпалдастық департаменті Таңбалау жөніндегі келісімді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері жасалып жатқанын жеткізген еді. Олар аң терісі бұйымдарын таңбалауға қатысты негізгі тетіктерді анықтамақ. Осындай алғашқы нормативтік-құқықтық актілердің бірі қол қойылған «Пилоттық жобаны жүзеге асырудың ұлттық процедураларын бастау туралы» Үкімет қаулысы болып отыр.

Енді, келесі кезекте тері бұйымдарын таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2016  жылы жүзеге асыру ережелерін қабылдау жөніндегі құжат қолға алынуы тиіс.  Жоба әзір, бүгінде оны мемлекеттік органдар бекітуде.  Алдын ала мәліметтер бойынша, Ережелер қазан айының алғашқы жартысында қабылдануы қажет.

Ескере кетер жайт, Ережелердің қабылданғанына қарамастан, кәсіпкерлер қызметіндегі өзгерістер тек таңбалаудың ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан кейін ғана іске асады. Ақпараттық жүйе өз кезегінде, бақылау белгілерін алуға тапсырыс беруді рәсімдеуге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың тамыз айында «Зерде» холдингі таңбалау жүйесін жасаушы компанияны анықтау мақсатында байқау өткізген болатын. Бүгінгі таңда байқауға қатысқан, мүдделі құрастырушылар жасаған жүйелер нұсқалары сынақтан өткізілуде.

Тағы бір айта кетер жайт, бүгінгі таңда Одақ елдерінің барлығында жобаны жүзеге асыру әр түрлі деңгейде орындалуда.  Ресей мен Беларусьте таңбалау жүйесі қолданысқа енген, ал кәсіпкерлер бақылау белгілеріне тапсырыс бере ала алады. Ал Қазақстанда ақпараттық жүйе әлі де жасалып жатыр. Армения мен Қырғызстанда ақпараттық жүйені жасаушы компанияны анықтау мақсатында шараларды ұйымдастыру кезеңі жүріп жатыр.

Аталған жағдайды және 2016 жылы жобаны жүзеге асыру мерзімінің аяқталуын ескере келе, қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында пилоттық жобаны іске асыру келісімінің қолдану мерзімін 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін созу қарастырылуда.

Ұлттық палата өз кезегінде, жобаға қатысты өз ұстанымын білдіруде. Онда ЕАЭО деңгейінде қабылданатын жоба құжаттарында 2017 жылдың нәтижелері бойынша Одаққа мүше елдер пилоттық  жобаға сараптама жасау туралы норма енгізу қарастырылған. Басты мақсат – таңбалау жүйесін енгізудің мақсаттылығы мен нәтижесін анықтау болып отыр. 

Бұған қосымша, Қазақстандағы аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау жобасына қатысты барлық сауалдарды кәсіпкерлер «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаментінің +7 7172 919 373 байланыс нөміріне хабарласып біле алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер