astana-view

Импорт алмастыру – басты мақсат

2016 жылғы 04 Қазан
8428 просмотров

Қазақстан мен Ресей импорт алмастыруды азайтып, ортақ нарыққа бірге шыға алады

Қазақстан өнімді экспорттау кезінде транзиттік шығындарын барынша азайту үшін, өзінің көлік дәліздерін қалыптастырды. Ол туралы Қазақстан-Ресей бизнес-форумы барысында Қазақстанның инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Альберт Рау хабарлады. Альберт Рау екі елдегі отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын салыстыра отырып, үкіметтік деңгейдегі іс-әрекеттер бірдей қабылданғанын атап өтті. «Көптеген құралдар мен бағыттардың сәйкес келуі қуантып отыр», – деді вице-министр.

Альберт Рау Қазақстанның болашақтағы өнеркәсіптік жоспарларын мәлімдей отырып, «екінші бесжылдықта міндеттерді азайттық» деп атап өтті. Әңгіме еңбек өнімділігін арттыру туралы болып отыр. Алайда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда, Қазақстанның көрсеткіші өзгере қоймаған. Бұл ретте вице-министр мұның жұмыс орындарының қысқартылуымен байланысты емес, инновациялық әдістерді енгізу есебінен болып жатқанын айтты. «Екіншісі – дайын өнім экспортының өсіміне байланысты міндет. Сол себепті Ресейде қолданылатын құралдар, бүгінгі таңда сол қалпында бізде де қайталанып жатыр», – деді Альберт Рау.

Альберт Рау мемлекетаралық өндірістік ынтымақтастықтың басты мақсаттарының бірі импорт алмастырудың қысқаруы екенін атады. «Біз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер шамамен 300 млрд долларға өнім өндіреміз. Сонымен қатар, шамамен 240 млрд доллар болатын дайын өнімді импорттаймыз. Бұл бәріміз бірге жұмыс істеуге тиіс мәселе. Мысалы, қосылған құн тізбегін қалай құруға болады, өз құзіреттілігімізді қалай реттеуге болады», – деді Альберт Рау. Одан бөлек, жауапсыз бәсекелестіктікті жойып, «осы алаңда терең талдау» жүргізу керек.

«Сол себепті бүгінгі күннің басты мәселесі – бұл импорт алмастыру әлеуетін қалай бірге игеруге болады, ортақ нарыққа қалай бірге шығуға болады және ең бастысы, екі елдің де бизнесіне тиімді болу үшін, қосылған құн тізбегін қалай құруға болады деген сауалдар болып отыр», – деді Альберт Рау.

Kaznex Invest дерегі бойынша, қазір Қазақстанда экономиканың мұнай мен газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау, ғарыш саласындағы ынтымақтастық, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану сынды салаларында 6453 компания Ресеймен бірлесіп, табысты жұмыс істеп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер