astana-view

«Алтын сапа» байқауына 137 компания қатысады

2016 жылғы 12 Қазан
6112 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында құрылған комиссия «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауларына қатысушылардың материалдарын қарап жатыр

19 қыркүйекте «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығына және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысушылардың материалдарына баға беру үшін құрылған комиссия өз жұмысын бастаған болатын.

Сонымен, кестеге сай, өңірлік кезеңде жеңіске жетіп, «Қазақстанның үздік тауарлары» көрме-байқауына жолдама алған қатысушылардың материалдарына сараптама жүргізілді. 16 шілде мен 31 тамыз аралығында өткен өңірлік байқауға республикадағы шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің 674 субъектісі қатысты. Нәтижесінде конкурстың республикалық кезеңіне қатысатын 145 жеңімпаз анықталды. ҰКП комиссиясы республикалық көрме-байқауға қатысатын 145 үміткердің ішінен әр аталым бойынша 10-15 үздікті  анықтайды. Олар: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Алдын ала бағалау мен сараптамалық қорытынды нәтижесінде үміткерлер «Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздарын анықтайтын комиссияға жіберіледі. Ол жерде әр аталым бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломанттар анықталады. Байқауда барлығы 9 дипломант бар.

«Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығына қатысу үшін өңірлерден 187 өтініш келіп түскен. Барлығы толық материалдарын көрсетіп, өз өңірлерінде іріктеуден өтті. Нәтижесінде 137 компания байқауға қатысады.

Қазіргі таңда ҰКП комиссиясы кестеге сай «Алтын сапа» байқауына қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Байқау жыл сайын үш аталым бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық  тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын». Әр аталым бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісіне, орта кәсіпкерлік субъектісіне, ірі кәсіпкерлік субъектісіне сыйлық беріледі. 

Үздік тауар өндірушілерді қолдау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымға халықаралық сапа стандартын енгізу мақсатында комиссия «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты және «Қазақстанның үздік тауары» байқауының дипломанттарын тағайындау бойынша байқаудың 9 үздігін анықтайды. Сондай-ақ аталған комиссия арнайы жүлделерді тапсыруға құқылы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер