astana-view

Болашақ бизнесмендерге дәріс

2016 жылғы 24 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
9346 просмотров

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасы аясында колледж студенттеріне кәсіпкерлік негіздері оқытылатын болды

Оқу тренигтерін Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тәлімгері Талғат Қасенов өткізеді.

«Бизнес саласында білім алғысы келетін жастар саны жыл санап артып келеді. Себебі бұл ірі компанияда үлкен мансапқа жетудің мүмкіндігі ғана емес, ол сондай-ақ, өз ісіңді ашуға қажет теориялық білім мен тәжірибе жинауға жол ашады», – деп атап өтті бизнес-тәлімгер.

Оқытудың басынан бастап тәжірибе сабақтарына басымдық беріледі екен. Оқу процесі тренинг түрінде өтпек.

Студенттер дәрістерде бизнес-үлгі құруға, маркетингтік зерттеуге, нарыққа сараптама жасауға қажет білім алып, тәжірибе жинайтындықтарын алға тартты. Сонымен қатар, оқу бағдарламасында студенттердің өздерінің бизнес-жобаларын жасауға кеңес беріледі екен.

Жобаның басты ерекшелігі бизнес-жоспар қорғалғаннан кейін, түлектерге оқуға қатысқаны үшін сертификат ұсынылады. Ол, өз кезегінде, гранттық байқауларға қатысуға мүмкіндік бермек. Тренинг барысында түлектер кәсіби білім мен дағды жинайды. Осылайша, студенттерге кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге таптырмас мүмкіндік туып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер