astana-view

Жарылғыш зат қауіпсіз болады ма?

2016 жылғы 25 Қазан
12379 просмотров

Қазақстандық тау-кен және металлургия кешені (ТМК) кәсіпорындары жерасты кеніштерінде эмульсиялы жарылғыш заттарды пайдалану мүмкіндіктерін зерттеп жатыр

Астанада «Жерасты жағдайларында бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізудің қазіргі заманғы технологиялары» атты семинар өтті. Семинарды ТМК үшін жарылғыш заттарды өндіруші «Orica-Kazakhstan» компаниясы ұйымдастырды. Оған «Қазцинк», «Қазақмыс», «АлтынАлмас», «АрселорМиттал Теміртау» және «Норильский никель» сынды тау-кен және металлургия кәсіпорындарының мамандары қатысты.

«Orica-Kazakhstan» компаниясының бас директоры Юлия Югайдың айтуынша, семинарда Қазақстанда өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіруші компания кәсіпорындарға эмульсиялық материалдарды пайдалану арқылы өз қауіпсіздік деңгейлерін арттыруды ұсынды.

«Бұл материалдар қауіпсіз болып саналады. Олар жарылғыш материалдарға арналған қоймалардың құрылысын көздемейді, өте қарапайым. Соған сай, жарылыс жұмыстарын жүргізу саласындағы қауіпсіздікті арттырады. Тақырыбы да өте өзекті. Өйткені, жаңа өнімдер үшін жарылғыш материалдар мен технологияларға көшуге байланысты мәселелер бар. Сол себепті де көп пікірталас тудырып отыр», – деп есептейді ол.

Қазір «Orica», негізінен, ашық әдіспен жару жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен жұмыс істейді. Компания жеті жыл бойы Ресейдің «Апатит» кәсіпорындарында эмульсиялық өнеркәсіптік заттарды пайдаланып келеді. Жер асты кеніштеріндегі жару жұмыстарын жүргізу кезінде эмульсия пайдалану әлемде кең тараған. «Orica»-ның бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Стив Томсонның айтуынша, эмульсиялық заттар, Австралияның жерасты және ашық кеніштерде соңғы 20 жыл бойы қолданылып келеді.

«Эмульсиялық технологияларды қолдану кезінде бұрғылау торын бірте-бірте кеңейтеміз. Ол өз кезегінде «АNFO» өнімдерін пайдаланғаннан гөрі, шығындардың төмендеуі мен экономикалық артықшықтың артуына алып келеді. Эмульсия пайдалануға оңай. Ол жақсы жұмыс істейді, сонымен қатар баламаларын қолданумен салыстырғанда, логистикалық үдерістерге ықпал етеді. Эмульсиялы жарылғыш заттардың, қауіпсіздік тұрғысынан алғанда тарихы өте бай. Олар үшін шикізат қауіпті материал болып табылады. Бірақ ол басқа жарылғыш заттарға қарағанда салыстырмалы түрде қауіпсіз», – деп сендірді халықаралық маман.

Өнеркәсіптік нысанда эмульцияны сақтау алты айға дейін созылуы мүмкін. Ал жерасты жағдайында жарылыстың бұл түрі 30 күнге дейін сақталады. Эмульсиямен жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін, газ өндіруші қоспаларды қосу арқылы оны синтездеу керек. Синтез бастапқы қауіпсіз затты, 30 минуттың ішінде жарылғыш затқа айналдырады. «Аталған зат бірегей сұйықтық пен таза материал болғандықтан, ол экстремалды температураға жауап бермейді. Және жоғарғы және төменгі айырмашылықтарға шыдайды. Сол себепті температураның кез-келген жағдайында жұмыс істейді», – дейді ол.

Қазір Қазақстанда бұл зат Шығыс Қазақстан облысының «Казцинк» ЖШС кенішінде қолданылып жатыр. «Казцинк» тау-кен басқармасының бас маманы Виктор Выходцев эмульсиялы жарылғыш заттарды пайдалану прогрессивті бағыт болып табылады деп есептейді.

«Біз бастапқыда бұған сақтықпен қарадық. Өйткені өзіміз дайындаған гранулиттерді пайдаландық. Өзіміздің базамыз құрылды. Ескіні бұзу қиын екен. Жарылғыш заттарды дайындау бойынша жерасты зауыты қанша керек болса – барлығын дайындадым. Сондай-ақ техникалық талаптар бізге алға ұмтылудың алғышарттарын береді. Өйткені бізде руданың сыйымдылығы төмендеп жатыр», – деп түсіндірді.

Кеншінің айтуынша, қорларды суландыру тұрғысынан эмульсияны жақсы пайдалануға болады. Мұндай жарылғыш заттарды пайдалану кезінде, компания кенішіндегі  шахталық суда нитраты топтың мазмұны артады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар да эмульсиялы заттарды кеңінен пайдалануды құптайды. «Қадағалау және бақылау органдарына да, терорристік ұйымдар пайдаланып кететін, жарылғыш заттардың айналымын азайту тиімді. Ал бұл жерде жарылғыш зат ұңғымада ғана жарылғыш затқа айналады. Сондықтан да эмульсиялы жарылғыш зат қауіпсіздік және әлеуметтік қатерлер тұрғысынан алғанда жаңа бағыт болып есептеледі», – дейді «Orica Kazakhstan» компаниясының қаржы директоры Денислам Мұратов.

Оның айтуынша, жарылғыш заттарды кәдеге жарату жарылғыш заттарды тұтынушылардың қарауында болады. Және де компанияның ішкі жұмысы болып табылады. «Қауіпсіздікті қамтамасыз етпей сақтаған жағдайда, есептік жарылғыш зат уақыт өте келе пайда болады. Жарылғыш зат қоймаларда сақталады. Оны ұрлау мен рұқсатсыз пайдаланудан ешкім сақтана алмайды. Ал біздің эмульсиялы жарылғыш затымыз бұл қауіптің алдын алады. Олар арнайы құралдардың көмегімен қуатталады. Және оның қалдықтары шахта мен карьерлерден өзге еш жерде пайдаланылмайды. Эмульсиялы жарылғыш зат алты айға дейін сақталады. Эмульсия өздігінен жарылмайды. Қауіптілік санаты 5.1. Ол ұңғымада жетіліп, сол жерде жарылғыш затқа айналады. Және де ұңғымада химиялық процесс жүріп, екі компонент біріктіріледі. Эмульсия мен реагенттің шағын қоспасы мутацияланып, жарылғыш зат болады», – деп түсіндірді ол.

Компанияның дерегі бойынша, оның биылғы айналымы былтырғы жылға қарағанда 60%-ға артқан. Егер 2015 жылы өндірілген жарылыс заттар 19 мың тонна болса, 2016 жылы 26,5 мың тоннаға жеткен. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 45%-ға жоғары. Сондай-ақ тұтынушылардың да саны артты. Қазір тау-кен компаниялары жарылғыш заттарды өндірумен кәсіби мамандардың айналысқанын қалайды.

«Orica Kazakhstan» компаниясы эмульсиялы жарылғыш зат өндіретін зауытты Өскеменде 2002 жылы іске қосты. Оның патрондалған және потрондалмаған жарылыс материалдары желісі және электрлік емес жарылыс жүйесі бар. Компанияның екінші зауыты 2012 жылы Екібастұзда өңірдің көмір кәсіпорындарына бағытталып ашылған. «Orica» компаниясы өкілінің мәліметінше, қазір компанияның зауыттары «KAZ Minerals» – Ақтоғай және Бозшакөл, «Қазцинк», «Богатырь», «АлтынАлмас», «Eurasian Resources Group» және тағы басқа кен орындарын жарылғыш заттармен қамтамсыз етіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер