astana-view

«Қорғас» жаңаша сипатта жұмыс істейді

2016 жылғы 25 Қазан
15510 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жүктерді рәсімдеу жөнінде ұсыныстар әзірледі

«Атамекен» ҚР ҰКП кедендік әкімшілік ету департаменті 2016 жылдың қазан айында Үкіметтің Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пунктін құру туралы» 2012 жылғы 8 маусымдағы №762 қаулысына түзетулер енгізгенін естеріңізге салады. Соған сәйкес, «Қорғас» ШЫХО бақылау-өткізу пунктінің аумағы тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу орны болып белгіленді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларды «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қазақстандық бөлігіне әкелген кездегі және тауарлардың «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінен тасымалданған кездегі мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының кедендік операцияларды жүргізуіне қатысты Әдістемелік ұсыныстар әзірледі.

Әдістемелік ұсыныстар тауарлар мен көлік құралдарын арнайы өткізу пункті арқылы «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінің аумағына әкелу тәртібін, тауарлар мен көлік құралдарын «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінің аумағынан ЕАЭО-ның басқа аумақтарына алып өту тәртібін, тауарлар мен көлік құралдарын «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінің аумағынан «Қорғас» ШЫХО-ның Қытайға тиесілі бөлігінің аумағына шығару тәртібін, ЕАЭО тауарларын ЕАЭО аумағынан «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінің аумағына тасу тәртібін реттейді.

Тауарлар мен автокөлік құралдары «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінің аумағына арнайы өткізу пункті (Бақылау-өткізу пункті) арқылы әкелінеді және «Қорғас» ШЫХО-ның бақылау-өткізу пунктіне орналастырылады.

Аталған тауарлар тиелген көлік құралдарының өтуі «Қорғас» ШЫХО-ның бақылау-өткізу пунктінің кіреберісіне орналастырылған Электронды өткізу пункті жүйесі арқылы бақыланады.

Электронды өткізу пунктінен өту кезінде автокөлік құралдарының кіруі автоматты түрде тіркелген сәттен бастап тауарларды Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында автокөлік құралдарының тұрақ уақытын есептеу басталады. Тұрақ уақытының ұзақтығы үш сағаттан аспауы қажет.

Тасымалдаушы немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет етуші басқа бір тұлға тауарлардың кедендік аумаққа келгендігі туралы ескерткеннен кейін, лауазымды тұлға келу туралы ескертпе алған сәттен бастап 30 минуттан кешіктірмей  тауарлар мен автокөлік құралдарының келуін тіркейді.

Егер ЕАЭО және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, әкелінген тауарлар ветеринарлық, фитосанитарлық немесе санитарлық-карантиндік бақылауға жататын болса, мемлекеттік кірістер органдары әрекеттерді жалпы үйлестіруді және бір мезгілде бірігіп бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.

Радиациялық бақылауды «Қорғас» ШЫХО-ның бақылау-өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органдары радиациялық бақылауға арналған техникалық құралдарды пайдалана отырып, жүргізеді.

Кедендік тексеру (байқау) «Қорғас» ШЫХО-ның бақылау-өткізу пункті аумағындағы кедендік бақылау аймағында немесе уақытша сақтау орындарында жүргізіледі.

Сыртқы экономикалық әрекеттерге қатысушылар немесе басқа да мүдделі тұлғалар тауарлар мен көлік құралдарын, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды тіркеу үшін «Қорғас» ШЫХО-ның бақылау-өткізу пунктіне ұсынуы тиіс.

Аталған шаралар Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-ның кедендік заңнамаларына сәйкес, салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу және есеп жүргізу мақсатында, сондай-ақ ЕАЭО тауарларын ЕАЭО-ның басқа да аумақтарына кері тасу жағдайында сәйкестендіру үшін қажет.

Сонымен қатар, ҰКП-да аталып өткендей, қазіргі таңда мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы – ерекше экономикалық аймағы туралы» заң жобасының және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының Тұжырымдамалары талқыланып жатыр.

Жоғарыда аталған заңдарды қабылдау Орталықтың қазақстандық бөлігінің жұмысына қатысты мәселелерді реттеуге және сол аумақта кәсіпкерлік және инвестициялық әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сыртқы экономикалық әрекеттерге қатысушылар арасында жоғарыда аталған Әдістемелік ұсыныстарды жүзеге асыру барысында мәселелер туындап жатса, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кедендік әкімшілік ету департаментіне хабарласуларын сұраймыз. Тел.: 8 (7172) 919-341.

ҚР ҚМ МКК-нің хатын мына жерден оқуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер