astana-view

Сыртқы нарыққа – бір бренд аясында!

2016 жылғы 11 Қараша
13306 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығын табыс етуге арналған байқау өтетіндігі туралы хабарлайды

«Біз Тарихымыздың жаңа шамшырағын жақтық!
Сондықтан бүгінде және әрқашанда біздің Қазақстанымыз  – Ұлы дала елі!
Сүйікті Отанымыздың халық арасындағы атауы дәл осы»
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев (Астана, 11.09.2015 ж.)
 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығын табыс етуге арналған байқау өтетіндігі туралы хабарлайды. «Ұлы дала елі» бренді өз қатарына еліміздегі ең үздік экспорттаушыларын біріктіреді және осы идея тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына шығарылады.

Осы бренд аясында біріккен кәсіпорындардың моральдық міндеттемлері «Атамекенге» жүктеледі. Сондай-ақ Палата экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды ынталандырып, оларды түрлі құралдардың көмегімен қолдау жөнінде бастама көтереді. Бұл сапалы өнімдер мен қызмет түрлерін бірыңғай қазақстандық бренд аясында экспорттау арқылы халықаралық аренада еліміздің имиджі мен танымалдылғын арттыруға көмектеседі.

«Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығын иеленген кәсіпорындар өздерінің өнімдері мен қызмет түрлері арқылы оны қалың көпшілікке абыроймен жеткізіп, кейін эстафетаны өздерінен кейінгі белсенді компанияларға табыс етеді деген сенімдеміз.

Отандық кәсіпкерлерді байқауға тарту бәсекенің деңгейін арттырып, сапа идеясын ілгерілетеді және отандық кәсіпкерлерді қолдауда еліміздің оң имиджін қалыптастырады.

Байқау қорытындылары бойынша үш үміткер лауреат атанып, «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына ие болады.

Байқауға мына талаптарды орындаған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады:

1) Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бекітілген мерзімде өтінім берген;

2) үш жылдан артық жұмыс істеп келе жатқан;

3) жойылу сатысында емес, банкрот деп жарияланбаған;

4) өтінімде дұрыс мәліметтер көрсеткен;

5) комиссия мүшелеріне өз кәсіпорнын тексеруге мүмкіндік берген.

Байқауға қатысушылар мына талаптарға сай келуі керек:

1) өндірістің жалпы көлеміндегі экспорт үлесі (30%-дан аспауы қажет);

2) тауар өндіру, қызмет көрсету кезіндегі жергілікті құрамның үлесі (50%-дан кем болмауы керек);

3) халықаралық бизнес-қауымдастықтарға мүшелік (бар болса);

4) лицензиялардың, рұқсат қағаздардың, патенттердің болуы (бар болса);

5) халықаралық марапаттардың, дипломдардың болуы (құпталады);

6) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қаржылай емес есеп жариялау тәжірибесінің болуы (бұл да құпталады);

7) сауда маркасының танымал болуы, ұсынылған портфолио бойынша компанияның оң имиджі (құпталады).

Байқауды өткізу тәртібі:

Байқауға қатысушылар өтінімді толтырып, сканерден өткізіп, info@yludala.kz электронды мекен-жайына жібереді.

Комиссия байқауға қатысушылардың өтінімдерін қарастырып, барлық өтінімдердің ішінен 12 үміткерді іріктеп алады.

Топтарға бөлінген комиссия мүшелері өтінімде жазылған мәліметтерді тексеру үшін кәсіпорындарға барады (солардың есебінен).

Тексеру нәтижелері бойынша комиссия іріктеудің келесі кезеңіне өткен 6 үміткерді анықтайды.

Дауыс беру үшін сол 6 үміткердің тізімі ҰКП-ның интернет-ресурсында жарияланады, дауыс беру 10 күнге созылады.

Көбірек дауысқа ие болған компаниялар (3-ден артық емес) «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына ие болады.

Байқау жүлдегерлеріне салтанатты түрде «Ұлы дала елі» брендінің белгісі мен дипломдар табыс етіледі.

«Ұлы дала елі» брендін иелену құқығы 5 жылға беріледі.

Байқауға қатысушылар кәсіпорындарды тексеруге байланысты кететін комиссия мүшелерінің шығындарын (көлік, жатын орын шығындары, комиссияның үш мүшесіне арналған екі күннен аспайтын тәуліктік шығындар) төлеу міндетін өздеріне алатындықтарын түсінулері керек.

Қазіргі таңда комиссия жасақталып жатыр, оны «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов басқарады. Комиссия мүшелері салалық қауымдастықтардың өкілдері мен блогерлер болады. Комиссия құрамы осы жылдың 10 қарашасы күні бекітіледі.

ҰКП-ның жауапты бөлімшесі – Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департамент.

Биыл байқауды өткізу мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Ережеде қарастырылған мерзімнен ерекшеленеді.

2016 жылы өтінім беру мерзімі: 2016 жылдың 28 қазаны мен 15 қарашасының аралығы.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер өтінімді Байқау туралы ереженің №2 Қосымшасына сәйкес, мына электронды поштаға жібереді: е-mail: info@yludala.kz

«Ұлы дала елі» брендін иелену құқығын табыс ету байқауын өткізу туралы ереже www.yludala.kz сайтында жарияланған.

Кеңес алу үшін: Тел. +7 (1712)  919-300 (ішкі. 1836, 1840), е-mail: info@yludala.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер