astana-view

Барлық қызмет – бір жерде

2016 жылғы 03 Қараша
10372 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес саласына электрондық қызмет көрсету бойынша «Бірыңғай терезе» жобасын іске қосты

Аталған қызмет 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап қолжетімді. Ендігі сәтте, кәсіпкерлер, ұялы телефонды, планшетті немесе компьютерді қолдана отырып, «Атамекен» ҰКП қызметтеріне қашықтықтан тапсырыс бере алады.

Баршаға аян, кәсіпкерлердің барлығы дерлік, тұрақты түрде сауда көлемін ұлғайту, шығындарды азайту, жұмысқа кәсіби кадрларды тарту, қолдау шараларына ие болу сияқты мәселелермен жолығып жатады. Осы орайда, көп бизнес иелері, іс жүзінде бар қолдау түрлері, қандай жерлерге хабарласу керек, ақыл-кеңес пен қызметтерді қайдан алуға болатыны сынды ақпараттан мүлде бейхабар. Бизнесті дамытуға мұқтаждық өткір болғанымен, құзырлы тараптар шашыраңқы орналасқан. 

Қазақстан Республикасында бизнесті өркендету жөніндегі басты сервис провайдері ретінде, барлық қолданыстағы қолдау шаралары мен бизнесті дамыту қызметтерін «бірыңғай терезеге» біріктіру идеясын негізге алған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Atameken Services» жобасының бірінші кезегін іске қосуда.

Бүгінгі таңда «Atameken Services» қызметтер тізілімінде 8 қаржылық емес қолдау бағытында 76 тегін қызмет және деректеме бойынша заңды тұлға жайлы ақпарат іздестіру қызметі қолжетімді. Анығырақ тоқталсақ, бұл:

  • мемлекеттік сатып алуларға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына байланысты қызметтер; 
  • бухгалтердік және салықтық есеп жүргізу және де статистикалық есеп әзірлеу;
  • менеджмент жүйелерін енгізу бойынша барлық үдерісті толық сүйемелдеу және кеңес беру;
  • ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңес берулер;
  • менеджмент мәселелері бойынша қызметтер;
  • маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
  • кедендік іс-қимылдар;
  • заң қызметтері.

«AGILE» әдістемесі бойынша Ұлттық палатаның қолданыстағы электрондық қызметтерін бір терезеге шоғырландыру жұмысы жалғасуда. Бұл, өз кезегінде, әр ай сайын қолжетімді қызметтер санын арттыруға және кәсіпкерлер сұранысы арқылы қосымшаның кескін-келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, кәсіпкерлерді қосымшаны бета-тестілеуге белсенді қатысуға және қызметтер көлемін кеңейту бойынша өз ұсыныстарын беруге шақырамыз.

Ұтқыр қосымшаны орнату және тіркеу туралы кеңесті Call-centr телефоны арқылы алуға болады: 87172270460, support@cmer.kz.

Web: http://services.palata.kz

Android: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.npp.nppapp

iOS: желтоқсан айының басына қарай


Еншілес ұйымдар

Серіктестер