astana-view

Мемлекеттік сатып алулар: бәрін қайта тексерген жөн

2016 жылғы 15 Қараша
- Қарағанды облысы
8051 просмотров

Қарағандылық компанияны «қара» тізімге енуден сақтап қалды

«Umef» ЖШС металдан жасалатын күрделі конструкциялар мен қондырғыларды жобалау, шығару және жеткізумен айналысады. 2016 жылдың көктемінде, кәсіпорын Атырау облысы Ішкі істер департаменті жариялаған ұялы телефондарды уақытша сақтауға арналған металл шкафтарын жасау жөніндегі мемлекеттік сатып алулар байқауында жеңімпаз атанған. Компания байқау қорытындылары бойынша ең төменгі бағаны ұсынған.

Алайда, «Umef» өтінішінде механикалық қатеге жол беріліпті. Салдарынан, компания 18 дана көлеміндегі тауарды бір дана тауар бағасымен өткізуге мәжбүр болған. Осылайша,  ұялы телефондарды сақтауға арналған 18 шкаф бағасы 3 492 000 теңгені құрағанымен, ІІД тауар үшін бар-жоғы 194 000 теңге төлемек болған. Компания орын алған келеңсіздік туралы хат жазып, дереу тиісті тарапқа жөнелткен.

«Біз бірден тапсырыс берушіге өтініш жаздық. Онда баға ұсыныстарына байланысты қателік жіберген тұсымызды көрсетіп, тарапқа мемлекеттік сатып алулар нәтижесі хаттамасында көрсетілген 194 000 теңге бағасы ұсынылған келісімшартты емес, тауардың жалпы бағасы 3 492 000 теңге деп көрсетілген келісімшартты жолдауларын сұраған едік», – дейді кәсіпорын директорының орынбасары Владимир Михайлов.

Алайда, жеңімпаз-компания өтінішімен келісімшартта көрсетілген соманы өзгерту мүмкін емес еді. Тапсырыс беруші, бұл уақытта, келісімшарт қазына органдарында тіркеуден өтіп, келісімшарт міндеттері заңды күшке енгендігін, ондағы соманы өзгерте алмайтындығын алға тартқан. Ол сондай-ақ, мұндай әрекетке мемлекеттік сатып алулар байқауы нәтижесіне қарама-қайшы екенін тілге тиек еткен. Сол себепті, тапсырыс беруші, тауарды жеткізушіні сотқа беріп, келісімшартты бұзып, оны заңсыз әрекетке барды деп тануға тура келген. Бұл ретте, «Umef» орын алған келеңсіздікті өз мойындарына алып, тапсырыс берушіге өтінішті бірінші болып жазғанын ескерген жөн.

Компанияға арыз-талап жазуда облыстың Кәсіпкерлер палатасы көмек берген. Істі қараған сот, «Umef» ЖШС-гін жеңімпаз деп жариялаған уақытта, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алулар туралы заңның бұзылғандығынан хабардар болған деген шешім шығарған. Себебі, ол сотқа шағым түсіру мерзімін 30 күнге кешіктіріп, яғни өтінішті 2016 жылдың 30 маусымында берген.

«Аталған мерзім, мемлекеттік сатып алуларға қатысушы тауар жеткізушіні алаяқ деп тану туралы өтінішті қанағаттандырмауға негіз болып отыр, себебі өтініш шағым мерзімінен кеш беріліп отыр», деп көрсетілген Атырау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  Н. Абдолованың шешімінде.

Осылайша, кәсіпкердің кезекті рет құқығы мен мүддесі қорғалған.

Десе де, Кәсіпкерлер палатасы құқықтық блогының сарапшысы Арман Түлкібаев, аталған мәселе бойынша өз ойын ортаға салды.

«Мемлекеттік сатып алуларға қатыспастан бұрын, кәсіпкерлер әрбір іс-әрекет электронды түрде тіркелетінін ұмытпаған жөн. Мұндай жағдайда, қандай да бір механикалық қатені жөндеу мүмкін емес, егер сізді жеңімпаз деп таныса, сіз тапсырыс беруішінің талаптары мен міндеттерін орындауға міндеттісіз. Өтінішіңізде көрсеткен барлық сандарды, сіз толтыратын барлық орындарды тексеріп қана қоймай, қайта тексеріп өту керек. Сонымен қатар,  орын алуы мүмкін техникалық немесе механикалық қателердің құқықтық салдары туралы да алдын ала ойланған жөн. Бұлай болмаған жағдайда, сіз «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының 4 бабы, 12 тармақшасына сәйкес, алаяқ тауар жеткізуші реестіріне енуіңіз әбден ықтимал. Ал, бұл сіздің компанияңыздың қызметін бақандай 2 жылға тоқтатуы мүмкін», – дейді сарапшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер