astana-view

2016 жылғы 17 Қараша
7197 просмотров

Канадаға іскерлік мақсатта жиі баратын тұлғалар үшін, виза алудың арнайы Жеңілдетілген бағдарламасы іске қосылды  

Қазақстан Республикасындағы Канада елшісінің айтуынша, олар елге бизнес мәселесі бойынша келетін тұлғаларды ерекше құрметтейді екен. Сол себепті, Канада осындай маңызды клиенттер үшін виза алу процесін жеңілдетуді қолға алып отыр. «Осыған орай, клиенттерге жаңа бастама туралы қуана хабарлаймыз. Бұл бастама бизнес мәселелерімен Канадаға жиі баратын тұлғаларға, көп реттік визаны оңай әрі тез алуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады ҚР-дағы Канада елшілігі. 

Канадалық дипломаттардың айтуынша, елге іскерлік мақсатта келетін кәсіпкерлерге виза алу процесі кедергі болмауы тиіс. «Аталған бағдарлама бойынша берілген өтініштер, жылдам әрі тез арада қаралатын болады. Сонымен қатар, бұл бағдарлама арқылы өтініш берген тұлғалар Канаданың Мәскеудегі емес, Канаданың Астанадағы Елшілігінде мөр басылған визаларды таңдай алады», – дейді Елшілік өкілдері.  

Егер қазақстандық компания басшылары мен қызметкерлері Канадаға жиі баратын болса, онда оларға осы бағдарламаға тіркелсе болады. «Бизнес мәселелерімен Канадаға жиі қатынайтын тұлғалар үшін, виза жасатудың жеңілдетілген процедурасына өтініш бере аласыздар. Ол үшін осы хатты astna-td@international.gc.ca электронды поштасына жіберуге тиіссіздер. Онда компания өкілінің аты-жөні, қызметі мен байланыс нөмірі көрсетілу керек. Ол мәліметтер сіздің компанияңыздағы қызметкер берген өтінішке қатысты сауалдар туған жағдайда, онымен байланысқа шығуға мүмкіндік береді. Біздің қызметкерлер қандай да бір проблемалар орын алған жағдайда, оларды телефон немесе электронды пошта арқылы шешуге жауапты болады. Біз сіздердің жаңа бағдарламаға қызығушылық танытқандарыңыз туралы елшіліктің Мәскеудегі виза бөліміне хабарлайтын боламыз. Ол жақтағылар сіздің тіркелгеніңізді растап, сізге қосымша ақпарат ұсынады», – дейді елшілік қызметкерлері.

Аталған бағдарламада қандай жаңашылдықтар бар? Біріншіден, бұл – жеңілдетілген сауалнама болып отыр. «Бізге қолы және мерзімі көрсетілген IMM5257E сауалнамасы қажет болады (сауалнамаға қол жеткізу үшін, мына сілтемеге өтулеріңізді сұраймыз: http://www.cic.gc.ca/english/pdf/kits/forms/IMM5257E.PDF). Сондай-ақ, толтырылған IMM5645 «Отбасы туралы ақпарат» (сілтеме: http://www.cic.gc.ca/english/pdf/kits/forms/IMM5645E.pdf) қажет болады. Және Schedule 1 (http://www.cic.gc.ca/english/pdf/kits/forms/IMM5257B_1.pdf) сауалнамасы керек болуы мүмкін», – деп мәлімдеді Қазағтандағы Канада елшілігінің өкілдері.

Екіншіден – аталған бағдарламада қосымша құжаттар аз.  «Бұл бағдарлама бойынша өтініш жазған тұлғалар, сапар шығындарын жабуға қажет қаражаттың жеткілікті мөлшерде бар екенін растайтын құжаттарды тапсырмайды. Бізге тек компаниядан, өтініш беруші осы мекеменің қызметкері екенін растайтын, сапар мақсаты көрсетілген, осы іссапарға қатысты шығындарға өзі жауапты екені жазылған хатты әкелсе болғаны. Сонымен бірге, өтініш берушіде (уақытша резидент визасына қажет) алымдар төлемінің дұрыс жасалғандығы туралы қосымша болуы керек. Бұдан басқа толық ақпарат алу үшін, www.canadainternational.gc.ca/russia-russie/ сайтының «Визалар және көші-қон» бөліміне хат жолдауға болады.  Сонымен қатар, Канаданың Астанадағы Елшілігіне визаны басып шығару үшін, төлқұжаттың толық көшірмесін ұсыну қажет. Немесе төлқұжаттың өзін ұсынса да болады», – деп түсіндірді елшілік қызметкерлері.

Үшіншіден, тіркеуден өткен соң, аталған бастамаға қазақстандық компанияның қызығушылық танытқаны белгілі болған уақытта, Мәскеудегі елшіліктің виза бөлімі, оларға бағдарлама қатысушысы ретінде, аккредитеуден өткенін растайтын құжат жібереді. Бұл ретте, компания қызметкері растаманың көшірмесін Канадаға виза жасату жөніндегі өтінішке міндетті түрде қосымша ретінде тіркеп қою керек. 

«Бұл  растаманың мақсаты – бизнеске байланысты Канадаға жиі қатынайтын тұлғалардың өтініші ВО-да (Виза орталығында –www.vfsglobal.ca/canada/Kazakhstan/english/index.html) жеңілдетілген процедура бойынша тіркелгенін хабарлау. Сондықтан бұл кезең маңызды болып саналады. Себебі, ол ВО қызметкерлерін хабардар етудің бірден бір мүмкіндігі», – деді Канада елшілігінің қызметкерлері. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер