astana-view

Ұстаным айқын және өзгермейді

2016 жылғы 21 Қараша
6481 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының пікірінше, «Одақтың құрылыс нормалары» сынды нормативтік құжаттың жаңа түрін бекіту Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы техникалық бақылау қағидаларына тұтастай қайшы келеді

Ресейдің кейбір салалық бұқаралық ақпарат құралдары ЕАЭО туралы шартқа қатысты «ЕАЭО аясындағы ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық бақылау туралы» хаттама жобасы бойынша Қазақстанмен әлдебір келісімге қол жеткізілгені туралы ақпарат жариялады.

Мұндай ақпараттардың жариялануына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитеті алаңында жақында Хаттама жобасының талқылануы себеп болған. Талқылауға мүдделі тараптар толығымен шақырылмаған.

Хаттама жобасы жаңа нормативтік құжаттарды «Одақтың құрылыс нормасы» ретінде белгілеу және бекіту бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға өкілеттілік беруге бағытталған.

ҰКП-ның Техникалық реттеу департаменті нормативтік құжаттың жаңа түрін «Одақтың құрылыс нормалары» ретінде бекіту ЕАЭО шеңберіндегі техникалық реттеу қағидаларына тұтастай қайшы келетіндігін және экспортқа бағытталған өндірушілер үшін бұдан да үлкен техникалық кедергілер туғызатындығын айтып отыр.

Оған қоса, естеріңізге сала кетер болсақ, Қазақстанның бизнес-қауымдастығы Одақтың міндетті құрылыс нормаларын енгізуден бас тартып, ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен өнімдердің қауіпсіздігіне барынша аз талаптар қоюды, сонымен қатар одан Одақтың міндетті құрылыс нормалары туралы түсініктер мен ережелерді алып тастауды сұрап отыр.

ЕАЭО-ның бірыңғай нарығын құрудың аса өзектілігін ескере отырып, Қазақстанның бизнес-қауымдастығы әрдайым баршаға қолайлы шешімдерді жақтап келеді.

ЕАЭО-ның  6 жылға созылған «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті жобасын мақұлдауды жылдамдату үшін ҰКП бірнеше рет қарама-қайшылықты жоюдың баламалы жолдарын таңдаған еді.

Мәселен, құрылыс материалдары мен өнімдерінің бірыңғай нарығын құрудың маңыздылығын түсіне отырып, бұрынырақ Қазақстанның бизнес-қауымдастығы жобаны екіге, яғни «Құрылыс материалдарының қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО-ның техникалық регламенті және «Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО-ның техникалық регламентіне  бөлу туралы пікірмен келіскен еді.

Бұл ҰКП-ның техникалық регламент жобасынан ғимараттар мен құрылыстарды алып тастау қажет дегенге саятын бастапқы көзқарасынан туындаған келіспеушілікті шешудің жолы болды.

Кейін, ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттер арасында және Қазақстанның ішінде туындаған дау-дамайлар мен келіспеушіліктер салдарынан, ҰКП ғимараттар мен құрылыстарға, құрылыс материалдары мен өнімдерге қойылатын талаптарды біріктіру мүмкіндігі туралы ымыралы ұстаным әзірледі. Бірақ ҰКП мұны ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен өнімдердің қауіпсіздігіне барынша аз талаптар бекітілуі тиіс және одан Одақтың міндетті құрылыс нормалары туралы түсініктер мен ережелерді алып тастау қажет деген шартпен жүзеге асырған.

Алайда ресейлік тараптың соңғы ұсынысы бойынша ҰКП нық көзқарас ұстанып отыр.

ҰКП «Одақтың құрылыс нормаларын» енгізуге және егер ЕАЭО туралы Шартта айтылмаса, оларды бекіту бойынша ЕАЭО органдарына өкілеттік беруге болмайды, деп есептейді.

Ұсынылып отырған Хаттама жобасы Одақты құрудағы мақсаттарға сәйкес келмейді, яғни:

– ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасын тұрақты дамытуға жағдай жасамайды;

– Одақ шеңберінде тауарлардың, қызметтердің, капитал мен еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастырмайды және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмысшы күштің ЕАЭО-ның бірыңғай нарығындағы еркін қозғалысын қамтамасыз етпейді;

– Жаһандық экономика жағдайларында ұлттық экономиканың жаңаруына, кооперацияға бірігуге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға кепілдік бермейді.

Одан бөлек, ЕАЭО туралы Шартқа өзгерістер енгізуге бірнеше жыл қажет, құрылыс материалдарының ортақ нарығын құруға арналған нормативтік құжаттың жаңа түріне қосымша базаларды әзірлеу қажеттігін ескерсек, бұл іс тағы біраз уақыт алуы мүмкін.

Сондықтан, ресейлік салалық БАҚ бетіндегі мақалалар Қазақстан кәсіпкерлердің алаңдаушылығын тудыруда.

Соған байланысты 9 қараша күні ҰКП-ның қолдауымен құрылыс саласындағы кәсіпкерлермен жиналыс өтті.

Сол жиналыста қатысушылар бірауыздан ҰКП-ның БІРТҰТАС ҰСТАНЫМЫ ӨЗГЕРМЕЙТІНІН растады.

ҰКП, бұрынғысынша, Хаттама жобасын әзірлеуге қарсы және тікелей техникалық реттеу жобасында ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды барынша азайтуды сұрап отыр.

P.S. Сұрақтар бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Техникалық реттеу департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз, тел.: 919-330 (Астана).   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер