Қазақстан мен Германия ынтымақтастық жолдарын талқылады
Елордада «Инвестиция және инновациялар: Германия нысанасындағы Астана» қазақстандық-неміс инвестициялық дөңгелек үстелі өтті. Бұл шара инвестициялық мүмкіндіктер, бірлескен жұмыс жоспарлар және уағдаластықтарды орындау бойынша нақты қадамдарды талқылау мақсатында екі елдің іскер қоғамдастық өкілдерін біріктірді.
Қатысушылар қатарында Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрайымы Катрина Клаас-Мюльхойзер, Германия экономикасы Шығыс комитетінің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Эдуард Кинсбрунер, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары және «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының негізін қалаушы Альберт Рау, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Қарымсақов болды.
Жиында Мұрат Қарымсақов екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы диалогтың маңызын айтып, Экономиканы ырықтандыру туралы қол қойылған жарлықты атап өтті. Спикер жарлықтың жеке меншікке қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету, бәсекелестікті қолдау және әкімшілік кедергілерді жоюдағы рөлін атап өтті.
«Ұлттық палата және Қазақстанның сыртқы палатасы екі ел бизнесі арасындағы ынтымақтастықтың кез келген бастамаларын қолдауға және сенімді серіктес болуға дайын. Ол үшін біз неміс ұйымдар мен кәсіпкерлерге өңірлердегі әлеуетті серіктестерді іздеу, жобаларды сүйемелдеу, инвестициялық жобаларға экспертиза жасау және B2B және B2G кездесулерін ұйымдастыру бойынша толық қызметтер көрсете аламыз», - деп атап өтті Мұрат Қарымсақов.
Бұл іс-шарада «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры мен Fav service gGmbH арасында Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Дөңгелек үстел Шығыс комитеті делегациясының Қазақстанға сапары аясында ұйымдастырылды және Қазақстан мен Германия арасындағы кең ауқымды ынтымақтастық бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: