astana-view

Бухгалтерлер клубы: Не, қайда, қашан?

2016 жылғы 21 Қараша
- Ақмола облысы
8259 просмотров

Өңірлік палата алаңында өткен Бухгалтерлер клубының екінші отырысында, бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – электронды шот-фактуралар мәселесі қаралды

Естеріңізде болса, ӨКП Бухгалтерлер клубын осы саладағы мамандардың біліктілігі мен білім деңгейін арттыру, бірыңғай ақпараттық кеңістік құру мақсатында құрған болатын. Айта кетерлігі, клуб мүшелері мұндай сұхбат алаңының құрылғаны тиімді деп отыр. Себебі, клуб бухгалтерлік есеп мамандарының көкейінде жүрген мәселелерді бір алаңда талқылауға, маңызды сауалдар қойып, оларға жауап алуға жол ашты. 

Дөңгелек үстел барысында, электронды шот-фактуралар мәселесінің көтерілуі орынды еді. ӨКП директорының орынбасары Фатима Герфанованың айтуынша, палатаға бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлерден, ЭШФ беру тетіктерін түсіндіру жайлы өтініштер көп түседі екен. Осы және өзге де мәселелер Бухгалтерлер клубы мүшелерін де толғандырды. Олардың арасында ЭШФ рәсімдеу реті мен мерзімі, қандай тауарларға құжатты беру қажет және т.б. мәселелер болды.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ҚҚС басқару басқармасы маманы Әсел Тыштыбаеваның айтуынша, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, барлық өкілетті операторлар, яғни, кеден заңында қарастырылған арнайы жеңілдіктерді пайдалана алатын заңды тұлғалар, ал биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап кедендік қойма, уақытша сақтау қоймалары иелері, тасымалдаушылар, кеден өкілдері ЭШФ ұсынулары тиіс. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ЭШФ-ны мониторингтен өтетін ірі салық төлеушілер, ал 2020 жылдың басынан бастап барлық ҚҚС төлеушілер беруі керек дейді маман.

«Алайда, белгілі бір салықтық міндеттерді 2020 жылға дейін жүктейтін заңдағы ережелерге қарамастан,  Қазақстанның немесе үшінші елдерден, ЕАЭО-қа мүше елдерден әкелінген Алу тізімі тауарларын сыртқа жөнелткенде немесе Қазақстан республикасы аумағында жасалған  тауарларға, шот-фактура міндетті түрде электронды түрде беріледі», – деді Көкшетау қаласы МКБ бөлімінің жетекшісі Марина Орлова.

Клуб қатысушылары өзге де мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Олардың арасында камералық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушіге қандай құжаттар жіберілетіні (жоғары қаупі бар заңбұзушылықтар бойынша ескертулер, олардың сипаттамалары бар қосымшалар, аз көлемдегі заңбұзушылықтар орын алған жайғдайда ескертулер жолданбайды, алайда бұл ақпарат мәліметтер базасында сақталады), заң бұзғандары үшін жауапкершілікке тартылу, заңдағы өзгертулер және т.б. бар. Дәлірек айтсақ, жаңа жылдан бастап, патент бойынша сауда жасап келе жатқан  жеке кәсіпкерлер салық төлеудің өзге режиміне өтеді деп күтілуде (жеңілдетілген декларация немесе жалпы бекітілген салық төлеу режимі). Айта кетерлігі, бұл ереже  2020 жылға шегерілген еді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер