astana-view

Еуразиялық экономикалық одақ келісімшартына енгізілген өзгерістер таныстырылды

2016 жылғы 29 Қараша
8387 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өңірлік қолданыстан тауар белгісін иелену құқын шектеуді алып тастау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел отырысына кәсіпкерлік қоғамдастықтар мен мемлекеттік органдардың: әділет, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, қаржы (Мемлекеттік кіріс комитеті) министрліктерінің өкілдері қатысты. Ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрлігі шараға қатысудан бас тартты.

Басқосуда 2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшартқа өзгертулер енгізуге қатысты Хаттама жобасы мен өңірлік қағиданың қолданысынан тауар белгісін иелену құқын шектеуді алып тастау мәселесі талқыланды.

Естеріңізде болса, бүгінгі таңда, Еуразиялық экономикалық одақта зияткерлік меншікті айрықша иелену құқын шектеуді алып тастау қағидасы жұмыс істейді. Ол өз кезегінде, одаққа мүше елдердің кез келгенінің аумағында тауарды азаматтық айналымға өткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, аталған процесс тауар белгісінің иесі немесе ол рұқсат еткен өзге де тұлғалар арқылы іске асырылады.

Осылайша, түпнұсқа тауарларды оған құқығы бар (параллель импорт) тұлғаның рұқсатынсыз әкелуге тыйым салынған.

ЕАЭО-ның қолданысындағы өңірлік қағида құқығы бар тұлғаның өтінішімен, тауар белгісімен таңбаланған тауар сатушылар арасындағы бәсекені шектеуге жол ашып отыр. Бұл, өз кезегінде, тауарға монополиялық баға (себепсіз жоғары баға) бекітуге әкеп соқтырады.  

Аталған келеңсіздіктер, тау-кен және металлургия кәсіпорындарында, медициналық бұйымдар мен қондырғылар нарығында, жеңіл көліктерге арналған қосалқы бөлшектерде, халықтық тұтыну тауарларында және т.б. салаларда орын алып отыр.

Осыған орай, 2014 жылы Ұлттық палата шектеулі өндіріс нарықтарынан басқа, нарықтағы өзге тауарлардың барлығын құқықтық шектеудің халықаралық қағидасына өткізу туралы бастама көтерген еді. Құқықты шектеудің мұндай халықаралық қағидасына өту түпнұсқа тауарларды, тауар белгісіне  құқығы бар тұлғаның рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға әкелуге рұқсат бермек. Бұл ретте, ЕАЭО аумағында шығарылған, тауар белгісі бар тауарлар аталған санатқа жатқызылмайды.

Талқылау нәтижелері бойынша, еуразиялық экономикалық комиссия алаңында, Ұлттық палата ұсынысымен, тауар белгісіне өңірлік қағидасына сай, тауарларының жекелей түрлеріне ЕАЭО тауар белгілерін (Еуразиялық үкімет аралық кеңестің 13.04.2016ж. № 6 қаулысы) бекіту туралы шешім қабылданды.

Бұл Алу тізіміне енгізілген тауарлардан басқа тауарлар да құқық иесінің рұқсатымен Одақ шекарасында еркін айналымда бола алады дегенді білдіреді. Бұл ретте, Алу тізіміне енгізілген тауарлар, ЕАЭО аумағына құқығы бар тұлғаның рұқсатынсыз әкеліп, сатуға болатын тауарларға жатқызылады. 

ЕАЭО аясында бұған дейін қол жеткізілген келісімдер негізінде, Алу тізіміне Одақтың ішкі нарығында жоқ, белгілі бір мөлшерде ғана қолжетімді, бағасы жоғары, сондай-ақ, одаққа мүше мемлекеттердің мүдделеріне сай келетін белгілі бір тауарларды енгізу көзделіп отыр.

Ұлттық палата өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭК авт.) туралы Келісімшарттағы өзгерістерді таныстырып, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдармен бірге Қазақстан Республикасының (Әділет министрлігі авт.) ұстанымы және Ұлттық палатаның ЕАЭО бойынша Келісімшартқа өзгертулер енгізу туралы Хаттама жобасына қатысты ұсыныстарын талқылады. 

Іскерлік қоғамдастық Еуразиялық экономикалық комиссия әзірлеген Бекіту реті, тауар белгісін иелену құқын шектеуді қолданыстан алып тастау, мерзімінен бұрын күшін жою және мерзімді ұзарту мәселелеріне алаңдап отыр.

Бизнес-қоғамдастық өкілдерінің айтуынша, тауар нарығын сараптаудан өткізбей тұрып, құқықты шектеудің өңірлік қағидасын қолданыстан алып тастауды бекіту (ҚР, Одаққа мүше мемлекеттер және өзге елдер нарығы), аталған процесті енгізу мүмкін емес екен. Бұл өз кезегінде, шектеуді алып тастауға күмән туғызады дейді кәсіпкерлер.

Талқылау нәтижелері бойынша, ұсыныстар мен өзгертулерді енгізуге қатысты Тәртіп пен Хаттама бойынша қосымша жұмыстарды қолға алу қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында, кәсіпкерлердің медициналық қондырғылар, пайдалы қазбалар мен көлік қондырғылары, автокөлік бөлшектері мен жеңіл көліктердің қосалқы бөлшектері салаларындағы тауар белгілерін құқықты шектеудің өңірлік қағидасының қолданысынан алып тастауды бекіту бойынша ұсыныстары талқыланды.

Сондай-ақ, Ұлттық палата алаңында өндірушілер, импорттаушылар және құқық иелерінің қатысуымен жиналыс өткізу туралы шешім қабылданды.

Дөңгелек үстел материалдарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер