astana-view

Бұлақ көрсең, көзін аш

2016 жылғы 21 Желтоқсан
- Ақмола облысы
8741 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер палатасы идеялар жәрмеңкесін – бизнес-жобалар байқауын ұйымдастырды

Жәрмеңкеге қатысушылар – «Жас кәсіпкерлер мекебінің» түлектері. Айта кетерлігі, Палата мұндай бірнеше жобаны іске асырып жатыр. Осы жоба аясында Ақмола облысының 60 жас түлегі білімін шыңдады. Шара соңында үш қатысушы бақтарын сынап көру туралы шешім қабылдапты. Олар қазылар алқасына өз жобаларын ұсынды.

Степногорсктен келген Владислав Ким лего-кірпіштер шығаруға арналған жобасын таныстырды. Өңір үшін бұл идея жаңалық деуге болады. Сондықтан да жас жігіт осы істі қолға алуға ұмтылып жатыр. Оның есебіне қарағанда, өндіріс аз уақыттың ішінде өзін ақтауы тиіс, ал өнімдер жоғары сұранысқа ие болмақ. Алайда ол, қазылардың пікірінше, шикізат өндіру және аталған өнімнің қажеттілігі сынды жайттарды ескермеген.

Әлмира Хасенова жас ата-аналарға арналған мектеп ашуды жөн көріпті. Мұндай бизнес ашу туралы идеяны өз тәжірибесінен алған екен. Жобаның әлсіз тұстарының бірі – болашақ кәсіпкер үміт артып отырған инвестициялар жобаны іске асыруға жетпеуі мүмкін.

Тігін шеберханасының өкілі Тимур Жаманшалов ұлттық мәнерде төсек-орын тыстарын тігу туралы жоспарын ортаға салды. Негіз ретінде қазақша оюлар алынған. Өрнектер тігілген маталар жапсырып тіккен дүниелер емес. Олар дайын өнім ретінде сатылымға шығарылады. Одан төсек-орын тыстарын тігуге болады. Қазылар алқасының пікірінше, үш бизнес-идеяның да өзіндік ерекшеліктері бар. Алайда төсек-орын тыстарын тігу туралы идея іске асыруға жарарлық деп табылды. Оның үстіне идеялар жәрмеңкесіне қатысушылар арасында бұл жұмыс істеп тұрған бизнес деуге болады. Сондықтан да осы жоба таңдалды.

«Біз бұл жобаның қаржыландырылуына қолдау көрсетпекпіз. Жобаны іске қосылғанша толықтай сүйемелдеуге дайынбыз», – деді ӨКП Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Марат Алтынбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер