astana-view

Қаржы министрі: Өткен жылы мемлекеттiк бюджетке 6,2 трлн теңге түсті

2017 жылғы 17 Қаңтар
2661 просмотров

2016 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер жоспары асыра орындалып, 6 трлн 198 млрд теңгенi құраған. Қазақстанның қаржы министрi Бақыт Сұлтанов Үкімет сағатында осылай мәлімдеді.

«2016 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер жоспары 108,4%-ті құрады. Яғни, жоспарланған сомадан 478,4 млрд теңте артық түсіп, 6 198,1 теңге қазынаға құйылды», - деп баяндады Бақыт Сұлтанов.

Республикалық бюджет жоспары 370,9 млрд теңгеге, жергiлiктi бюджеттер 107,5 млрд теңгеге асыра орындалған.

«Түсімдер бойынша болжамды мақсатқа қол жеткізу бұл салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылдаған шаралар нәтижесі. Қажетті бақылау деңгейі мен міндеттемелерді ерікті түрде орындау үшін бизнеске қолайлы жағдай жасау арасындағы балансты қамтамасыз ету маңызды», - дедi министр.

2016 жылы бақылау іс-шаралары бойынша 10 мың салықтық тексеру жүргізілген, бұл салықтарды түгел есептеуге мүмкiндiк бередi.

«Бұдан басқа, кәсіпорындардың жабылу кезіндегі тексерулерін жүргізу барысында аутсорсинг тетігі енгізілді. Оның нәтижесінде тарату рәсімі жеңілдеді, тексеру саны мен жүргізу мерзімі қысқарды. Сондай-ақ, салық төлеушілерге айыппұл қолданбастан, қателіктерді дербес жою мүмкіндігі берілді», - дедi министр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер