astana-view

Мәскеуге қымыз экспортталады

2017 жылғы 17 Қаңтар
3054 просмотров

Еліміздің кәсіпорындары жылқының құрғақ сүті Мәскеуге экспорттайды. Басты экспортшы «Евразия инвест» ЖШС алғашқы тауарды ақпан айында жеткізуді жоспарлап отыр. Бастапқыда Ресей астанасына ай сайын жарты тонна құрғақ қымыз жеткізілсе, жыл аяғына таман бұл көрсеткішті 1 тоннаға дейін жету көзделген.

Кәсіпорын директорының орынбасары Ғалымжан Мейрамбеков айтуынша, қымызды Қытай мен Еуропаға экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Қытайда бірнеше компания қызығушылық танытып отыр, алайда бізді сертификация тұсап тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге бұл бағыттағы жұмыстарды атқарып жатырмыз. Ал Еуропада осы тектес құрғақ сүт өнімін 30-ға тарта компания шығарады, яғни осында нарық дайын тұр. Біз Германиядағы зертханаға өнімді тексерткен едік, кейбір көрсеткіштер бойынша еліміздің сүті еуропалық өнімнен асып түсті. Өйткені, біздің жылқылар жайылымға шығарылып, құнарлы шөппен қоректенеді», – дейді Ғалымжан Мейрамбеков.

Оның сөзінше, еуропалықтар жылқы сүтін косметика саласында кеңінен пайдаланып келеді. Осыған байланысты, кәсіпорын косметика өндіруді де жоспарлап отыр.

2014 жылы Қарағанды облысының Осакаров ауданында жалпы құны 800 млн теңгеден асатын, бие сүтінен құрғақ ұнтақ жасау өндірісінің жобасын жүзеге асыру басталған еді. «Евразия Инвест Ltd» ЖШС-нің жобасы ішінара «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның несиелік желісімен қаржыландырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер