astana-view

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді қолдауы

2017 жылғы 17 Қаңтар
2464 просмотров

Шағын несие беру жобасы арқылы 2705 млн теңгелік 563 өтінім қаржыландырылып, 2544 адам тұрақты кіріспен қамтылған

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлер тарапынан түскен арыз-шағымдар саны артты. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің мәліметінше, 2013 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың желтоқсан айына дейін 10 011 арыз-шағым түскен. Оның ішінде 2604 арыз-шағымды Орталық аппарат қабылдаса, 7 407 арыз-шағым Өңірлік палаталарға жолданған. Ал 2016 жылы 7225 арыз-шағым бизнесті қорғауға бағытталған. Оның ішінде 1955 арыз-шағым Орталық аппаратқа, ал 5270 арыз-шағым Өңірлік палаталарға түскен.   

Бизнесті қорғау бойынша түскен арыз-шағымдар көрсеткіші:

2014 жылы – 4697

2015 жылы – 5314

2016 жылы – 7225

2016 жылы келіп түскен арыз-шағымдардің салалық көрсеткіштері:

Салық салу – 14%, сатып алу – 13%, жер мәселесі – 12%, кәсіпкерлер арасындағы азаматтық-құқықтық дау – 10%, сәулет – 6%, құрылыс – 6%, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы – 6%, агроөндірістік кешен – 5%.

Кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқығы құны:

Жалпы – 41,7 млрд теңге: 2014 жылы8,4 млрд теңге, 2015 жылы – 14,4 млрд теңге, 2016 жылы – 18,9 млрд теңге.

Бас прокуратурамен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 16 қадағалаушы/кассациялық наразылық  жолдады.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі жалпы 333 отырыс өткізді. Соның 299 жиыны өңірлік палаталарда ұйымдастырылса, 34-і Орталық аппаратта болды. Ал 2016 жылы Кеңестің 108 отырысы ұйымдастырылды. Сәйкесінше 100 жиын аймақтарда, ал 8 жиын Орталық аппаратта өткізілді.

Бизнес ортаны жетілдіру мақсатында ҰКП өзекті мәселелер реестрін жасады. Оған келіп түскен 438 мәселенің 65%-ы, яғни 285-і шешімін тапты.

2016 жылдың 11 айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2 мыңға жуық нормативтік-құқықтық акті жобасын сараптаудан өткізді.

Адами капиталды дамытуда жұмыс істеп жатқан жобалар: «Іскерлік байланыстар», «Аға сеньорлар», «Бизнес мектеп».

Сатып алу мен жергілікті қамту жүйесін дамытуда, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында Ұлттық палатада 16 өңірлік жұмыс комиссиясы құрылып, 144 отырыс өткізіліп үлгерген. Аталған комиссиялар аясында мемлекеттік сатып алуда 261 млрд теңгенің, квазимемлекеттік салада 414 млрд теңгенің шарты жасалған.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлікті дамыту, ауылдағы азаматтарды қолдау мақсатында шағын бизнесті микронесиелендіру жобасын

әзірледі. Қаржыландыру «АЛМЭКС» компаниялар тобы тарапынан жасалып, 1 млрд 200 млн теңге шағын несиеге бөлінді. Бұл сома 6 облысқа бөлініп, жергілікті әкімдік те осындай мөлшерде қолдау көрсетті. Жалпы шағын несиелер 6-7%- дық мөлшерлемемен үш жылға беріледі.

Шағын несиелеу бағдарламасы енгізілген 6 өңір:

  • Алматы облысы,
  • Ақтөбе облысы,
  • Қызылорда облысы,
  • Қостанай облысы,
  • Маңғыстау облысы,
  • Жамбыл облысы.

Бүгінде 2705 млн теңгелік 563 өтінім қаржыландырылып, жалпы алғанда, 2544 адам тұрақты кіріспен қамтылған.

2016 жылдың шілде айында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл тұрғындарына бизнестің негіздерін оқыту үшін, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында «Bastau Бизнес» пилоттық жобасын іске қосты. Сондай-ақ, жоба Ақтөбе облысының Темір ауданында, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында іске асырылды.

2017 жылдан бастап «Bastau Бизнес» жобасы мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылады.

2017 жылы ­– Қазақстанның 14 облысындағы 80 ауылдық аудан

2018 жылы – 160 ауылдық аудан қамтылады.

Жоба бойынша 2017 жылы – 15 мың адам, 2018 жылы – 18 мың, 2019 жылы – 22 мың, 2020 жылы – 26 мың, 2021 жылы – 30 мың адам оқытылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер