astana-view

Кәсіпкерлер қатары артады

2017 жылғы 01 Ақпан
3136 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Көкпекті аудандық филиалының директоры Әлия Мұқашева Елбасының елдегі бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту туралы тапсырмасын өзекті деп санайды

Қазақстан президенті Н.Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында жүзеге асырылуы тиіс бес басым бағытты белгілеп берді.

Бағдарламалық құжатта шағын және орта бизнестің ел экономикасын қарқынды дамытудағы рөлі атап өтілген.  

Өнімді жұмыспен қамтудың және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың жаңартылған мемлекеттік бағдарламасы аясында, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту үшін ауыл тұрғындарына 16 млн теңгеге дейін микронесиелер беріледі.

«Біз жаңа бағыттарды меңгеріп, кәсіби дағды мен қаржылық сауаттылықты арттыру үшін, білім алуды жалғастыра береміз. Бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау құралдарын одан ары жетілдіру туралы үндеу біз үшін өте өзекті», – дейді Әлия Мұқашева.  

Оның айтуынша, Қазақстандағы ең алғашқы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы 2015 жылы ШҚО-да ашылған.

Сонымен бірге ол бизнес жүргізуге, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім беру жұмыстары бұдан кейін де жалғасатынын айтты. Орталық тұрғындарды жаппай бизнеске тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай жұмыстардың арқасында ауылшаруашылық кооперативтері көптеп құрылған. Бүгінгі таңда Көкпекті ауданында түрлі бағыттағы 33 АӨК ашылды. Оларға мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелер берілді. Мәселен, сүт-тауар фермасы «Арыс» бағдарламасы арқылы 60 млн теңге алған. «Өндіріс-2» бағдарламасы бойынша бөлінген 100 млн теңгеге асфальт-бетон зауыты ашылды. Бизнес-жоспарлар жасауға көмек көрсетіліп, 6 млн теңге сомасындағы 2 грант қорғалды. Ол гранттар бойынша бір кәсіпкер қаз өсірсе, бір кәсіпкер қолдан жұмсақ ойыншықтар жасап сатпақ.

«Елбасының мына үндеуі өте өзекті: «...бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау құралдарын одан ары жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі бұқаралық, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға арналған шаралар кешенін ұсынуы тиіс». Жолдауда айтылғандай, электронды форматқа өтсек, құжаттарды рәсімдеу кезінде адам факторының араласуы азая түседі. Демек бюрократияның тамырына балта шабылады деген сөз», – деп түйіндеді А.Мұқашева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер