astana-view

Өңір кәсіпорындары мамандармен толығады

2017 жылғы 02 Ақпан
5199 просмотров

Техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау жүйесін дамыту – жұмыста жаңа мұмкіндіктерге жол ашады

«Біз Елбасының техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау жүйесін дамыту қажеттілігі туралы сөзіне ерекше ынта танытамыз, бұл біздің жұмысымызда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – дейді Қазақ тұтыну одағы Павлодар экономикалық коледжінің директоры Зәуреш Дощанова.

Осы жылы «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру» бағдарламасы аясында алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасалғаны қуантады. Оның үстіне, бұл бағдарламаға 9-11 сынып түлектері, біліктілігі жоқ 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыз азаматтар, сонымен қатар өмірде қиын жағдайда ұшыраған тұлғалар, әлсіз топ өкілдері қатыса алады.

Жастарға екі немесе оданда көп жұмысшы мамандығын алуға және икемді модульді бағдарлама бойынша білім алуға мүмкінді жасалғаны жақсы демеу болады. Білім алушылардың тегін жолақымен және ыстық тағаммен қамтамасыз етілетіндігін де атап өткен жөн.

Зәуреш Әменқызының айтуынша, қолданылған шара нәтижесінде жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету еңбек нарығы сұранысын білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңір кәсіпорындарын мамандармен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді. Өңірде еңбек ресурстарының сұранысы мен ұсыныстарында құрылымдық теңгерімсіздік анықталып отыр, яғни техникалық мамандықты игерген кадрлардың жоқтығы айқын байқалады.

Бағдарлама тиімділігін арттыру үшін елдің индустриалды-иннвациялық дамуы сұранысын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту қарастырылған, экономика саласының басым мамандықтары бойынша кәсіби стандарттар жетілдіріледі. Сонымен қатар, педагогтар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея құндылығын ТжКБ мекемелерінің тәрбиелік процесіне енгізудің сөзсіз оң әсері бар екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер