astana-view

Кәсіпкер заң бұзбаса, қызметіне кедергі жасалмауы тиіс

2017 жылғы 06 Ақпан
- Шымкент қаласы
11451 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысында заң бұзбайтын бизнес үшін оны жалған кәсіпкерлік контрагенті деп танығаннан кейінгі салық зардабы тақырыбы өте өзекті

Шотқа тыйым салу бизнеске салынған бұғаумен бірдей: келісім жасауға мүмкіндік жоқ, кәсіпорын шығынға ұшырайды, уақыт жоғалтады. Шотты ашу үшін бірақ әуреге түсуге тура келеді. Бірақ табалдырық тоздырғаннан нәтиже шықпайды, сол кезде бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасына келеді.

Шымкенттік «Спектр» жарнама компаниясы да осылайша өз құқығын қорғау үшін Кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Компанияға камералы бақылаудың нәтижесі туралы хабарлама түскен. Салық қызметкерлері жалған кәсіпкерлікпен өзара есеп айырысу бойынша сома есебінен қосымша құн салығы мен кооперативті табыс салығын алып тастауды талап еткен.

Кәсіпкер салық органына анықталған заң бұзушылықтарымен келіспейтіндігі туралы түсініктеме берген. Оған қоса, ол жоғарыдағы өкілетті органға да шағым түсірген. Бұл әрекеттердің барлығында хабарламаны анық орындалған деп тану керек еді. Оған қарамастан, салық қызметкерлері оның шотына тыйым салған, осылайша салық заңнамасын бұзған.

Палата сарапшылары зерттей келе істің мән-жайын анықтады. «Спектр» абайсызда байланыс орнатқан фирма құрылтайшысына қатысты хабарлама түскен кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан, сондықтан да оны жалған кәсіпорын деп тану туралы соттың соңғы шешімі жоқ.

«Егер қандайда бір қылмыстық факт анықталған қылмыстық іс бойынша соңны шешім шығарылған болса, онда хабарлама заңды болары еді, – ­ деп түсіндірді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Майя Исаева. ­– Бұл жағдайда Абай ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқарамасы қызметкерлерінің әреке заңға қайшы, бұл жерде өкілеттікті асыра қолданғаны айқын көрінеді».

Кәсіпкерлер палатасы ОҚО мемлекеттік кірістер департаментіне тыйым салу туралы өкімді қайтарып алу бойынша жүгінгенімен, алайда ол қабыл алынбады. Мұнан соң, облыс прокуратурасына салық қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетіне прокурорлық жауап қайтаруға өтініш білдірді. Прокуратура Палата сарапшыларының дәлелін растап, салық қызметкерлерінің шотқа тыйым салу жөніндегі әрекетін заңсыз деп танып, заңбұзушылықты жоюды талап етті. Нәтижесінде, шотқа салынған тыйым алынып тасталды. 

«Спектр» ­– салық қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен көптеген кәсіпкерлік субъектілерінің бірі, ­- дейді Майя Исаева. – Шындығында, Оңтүстік Қазақстан облысында заң бұзбайтын бизнес үшін оны жалған кәсіпкерлік контрагенті деп танығаннан кейінгі салық зардабы тақырыбы өте өзекті. Мемлекеттік кірістер органының қосымша салынған салықты төлеу керектігі туралы хабарламасына бизнес тарапы ашулы және қарсылық білдіреді. Бірақ кәсіпкерлер тым кешеуілдеткеннен кейін, көбісінде сол қосымша салынған салықты төлеу туралы ой туындайды. Сол үшін, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз қысым көрсетілген жағдайда Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге шақырамын. Егер кәсіпкер заң бұзбайтын әрі әділ болса, онда оның қызметіне ешкім де, ештеңе де кедергі болмауы керек».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер