astana-view

Отандық өндірушілер үлесі артып келеді

2017 жылғы 08 Ақпан
6051 просмотров

Қазақстандық жиһаз жасаушылар жаңа вокзалды жабдықтауға тапсырыс алды

«Атамекен» ҰКП Сатып алулар және жергілікті қамту департаменті 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап отандық өндірушілерді тарту арқылы жаңа теміржол вокзалы құрылысына атсалысты. Аталған келіссөздер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Сембол» және «Жиһаз және ағашөндіруші өнеркәсіптер қауымдастығының» бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында жүзеге асқан болатын.

 Мүдделі тараптардың қатысуымен бірлескен жұмыс комиссиясымен жеткізілуге қажет жиһаз көлемі анықталды. Тараптардың келесі қадамы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС  қолдауымен «Атамекен» алаңында «Сембол» мен «Жиһаз және ағашөндіруші өнеркәсібінің қауымдастығымен» ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюмен басталды.

Салынып жатқан жаңа теміржол вокзалын жиһазбен жабдықтау мәселесін шешіп бергені мен ерекше кәсібиліктері үшін ҚР Жиһаз және ағашөндіруші өнеркәсібінің қауымдастығынан «Атамекен» ҰКП Сатып алулар және жергілікті қамту мен Өңдеу өнеркәсібі департаменттеріне алғыс хаттар жолданды.

ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың айтуынша аталған ауқымды тапсырыс отандық өндірушілерді тікелей қолдап, өндірістерін кеңейтуге, дамытуға әсер ететін болады. «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен бірлесіп «Атамекен» алаңында отандық өндірушілерінен келіп түсетін сатып алулар бойынша өткір мәселелерді апта сайын талқылаймыз. Сонымен қатар жұмыс комиссиясы шеңберінде жергілікті әкімдіктердің қатысуымен Өңірлік палаталарында да жүйелі түрде талқыланады. Қазақстандық өнім үлесін арттыру мақсатында отандық өндірушілерді ортақ жұмысымызға атсалысуға шақырамыз», – деді Елдос Рамазанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер