astana-view

«Астана–1» – кедендегі ресмилікті жеңілдетеді

2017 жылғы 15 Ақпан
7624 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында жаңа ақпараттық жүйенің таныстырылымы өтті

Халықаралық міндеттер отандық экспорттаушылар мен импорттаушыларға кедендік және басқа да шекара жанындағы қызметтерді көрсетуде жаңа стандарттарға ауысуды талап етеді

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялау, электронды мағлұмдау мен «Е-терезе» енгізу мәселесі кедендік ресмилікті жеңілдетудің іргетасы болып табылады.   

Бүгінде мемлекеттің ішкі келісілу процедурасы аяқталған ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасы қағазбастылық процесі алдында электрондық технологияның басымдығын анықтады. Егер ЕАЭО мүше-мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстанда да ақпараттық технологияны қайта құру процедурасы аяқталмаса, бизнес қолданыстағы кедендік мағлұмдау Кодекстің жаңа ережелерімен сәйкес келмеуі жағдайына ұшырайды. 

Биылғы жылы 14 ақпанда Атамекен» ҰКП алаңында кедендік процедураларды модернизациялау жобасын жүзеге асыру және «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен кедендік және салықтық әкімдіктің интеграцияланған автоматтандырылған жүйесін құру аясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесін таныстырды.

Анықтама үшін:

«Астана1» жобасын жасау 2015 жылдың қыркүйегінде  ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті мен БҰҰ сауда және дамыту бойынша Конференциясы (ЮНКТАД) арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Жоба міндеті: кедендік саясат пен процедураны ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес оңтайландыру, электронды мағлұмдау жүйесін енгізу, экспорт пен импортқа қажетті құжаттардың саны мен оларды қарау уақытын азайтуға септесу, тәуекел мен кейінгі аудитті басқарудың озық әдістемесін енгізу.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП мен Мемлекеттік кіріс комитетінің ақпараттық жүйені түзетудегі, сондай-ақ бизнесті оқытудағы бірлескен жұмысы орталық деңгейде де, аймақтық деңгейде де жалғасын табады деген келісімге келді.

«Астана–1» ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша бизнестің сауалдары мен ұсыныстарын құрастырушыларға электронды почта немесе телефон нөмірі арқылы жолдауға болады: asycuda.help@gmail.com, 8 (7171) 2 70 99 36.

«Астана–1» таныстырылымын осы жерден көре аласыздар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер