astana-view

Тимур Құлыбаев: «Біз геологиялық барлауды қайта жандандыруымыз керек!»

2017 жылғы 23 Ақпан
9788 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кен игеру өнеркәсібінің даму мақсаттарын анықтады

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев  Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасымен өткен жұмыс кездесуі барысында саланы дамыту мәселелерін талқылады.

«Геологиялық барлау Қазақстанда 20 мың адамды біріктірген кәсіби әрі бәсекеге қабілетті сала болғаны анық. Қазір әрине терең сараптама жасау әдістерді, геологиялық зерттеулерді үлгілеуді қолданатын технологиялар дамып кетті. Бізде геологиялық ғылым артта қалып отыр. Қазір кен игеру компанияларын геологияға мүмкіндік беріп отырмыз. Бұл мені алаңдатып отырған жағдай. Өйткені, жұмысты кім істейді? Тағы шетелдік компанияларды шақырамыз ба? Өкінішке орай, біз мамандарымызды жоғалттық, тәжірибеміз азайды. Бәрін қалпына келтіруіміз керек. Өйткені, геология – Қазақстан үшін үлкен бизнес», – деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовецтің айтуынша, энергетикалық нарықтың анық стратегиясынсыз экономика салаларын ары қарай дамыту мүмкін емес. Кен игеру секторының негізгі проблемалары: салық заңнамасына өзгертулер енгізу, темір жол тасымалы мен газ тасымалдау қызметтері бағасының өсуіне әсер ететін шығындарды төмендету, жаңартылатын энергия көздері саласындағы заңнаманы жетілдіру.   

«Атамекен» ҰКП басшысы атап өткендей, тарифтің құрылуы қосымша қуаттардың қосылуына, энерготиімділікті жоғарлатуға тікелей байланысты. 

«Алдағы он жылдықта саланың қажеттілігін мен энергоқуаттылығының көлемін анықтау қажеті. Елімізде энерготиімділігі мәселелері әлі қолға алынған жоқ. Негізі бұл жерде үлкен резерв бар. Біз өндірісіміздің электроэнергияны тұтынуды және энерготиімділігін жақсартып аламыз. Оның арқасында артық қуат болады», – деді Тимур Құлыбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер