astana-view

Қытайға тауар экспорттау жеңілдей түседі

2017 жылғы 23 Ақпан
10585 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «JUMORE» компаниясы электронды сауда алаңын таныстырды

«Атамекен» палатасында «JUMORE» делегациясы компания басшысы Лю Хонгсиангпен бірге келешекте ынтымақтастықты дамыту туралы, сондай-ақ болашақта Қытайға экспорттау мақсатында қазақстандық тауарлар туралы ақпаратты «JUMORE» алаңына тегін орналастыру мәселесін талқылауға үшін бас қосты.

2016 жылдың 3 қыркүйегінде Шанхай қаласында Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты инвестициялау мен сауданы дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «JUMORE» электронды сауда алаңы арасындағы өзара қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойған. 

«Компанияның негізгі қызметі трансшекаралық электронды сауда үшін шикізаттан бастап, өңделген өнімге дейін ауқымды тауар сұрыпталымына «B2B» форматында алаң беру. Оның көмегімен түрлі елдерден келетін сатып алушылар мен жеткізушілер бірін-бірі тауып, ауыл шаруашылығы, мұнай өнімдерін, минералдарды, рудаларды және тағы басқа тауарларды көтерме бағада сатып алуға мүмкіндік бар. Компания платформасында логистикалық және қаржылық қызмет көрсетіледі. Бұл экспорттық келісімдерде толық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

JUMORE трансшекаралық электронды сауда алаңында Канада, Ресей, АҚШ, Мексика секілді елдердің ұлттық павильондары қойылған. Нұржан Әлтаевтың айтуынша, жұмыс істеп тұрған және әлеуетті экпорттаушы-кәсіпорындар мен олардың өнімдері туралы ақпарат тегін салынатын Қазақстанның ұлттық павильоны JUMORE онлайн-алаңына шығарылды.

«Атамекен» ҰКП мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың күз мезгілінде отандық өнім көлемін арттыру және оларды әлемдік бағамен өткізу мақсатында «Қытайға экпорт!» қозғалысын іске қосқан. Ал JUMORE интернет-алаңы да қазақстандық таураларды Қытайға экпорттауды дамытуға арналған үлкен мүмкіндік деп ойлаймын, себебі дайын өнімге немесе шикізатқа мүдделі қытайлық кәсіпорындардың көтерме тапсырыстарын шоғырландырады. Коммерциялық интернет-алаңдарды қолдану отандық өндірушілердің халықаралық нарыққа шығуына және импорттаушылармен аз уақытта, делдалсыз байланыс орнатуына мүмкіндік береді», – деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары.

«JUMORE» компаниясы барлық салаларда, яғни химия, түсті металл, пайдалы қазбалар, энергетика, болат құю, АӨК және т.б. «B2B» форматында трансшекаралық электронды саудамен айналысады. Электронды саула алңының порталында тіркелу тегін. Аталған ресурсты қолдануда тауарлардың сапасы жоғары болуы және қажетті көлемде уақытылы жеткізу секілді басты талаптарды орындау қажет.

JUMORE электронды сауда алаңында 3 онлайн павильон қойылған. Біріншісі ­– ұлттық павильон. Ол халықаралық нарыққа шығуға, экономикалық және тауарлық байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде Казахстан, Боливия, Коста-Рика, Мексика мен Перудің ұлттық павильондары қойылған. Бірақ Қазақстанның павильоны қазіргі таңда бос. Сондай-ақ брендік және провинциалық павильондар бар. Брендік павильондарға әлемнің түрлі саладағы ірі, үздік кәсіпорындары шығады.

«Қазірде әлемнің 126 елімен және қытайдың барлық провинцияларымен серіктеспіз. 2017 жылы транзакция бойынша жасалған келісімдердің жалпы сомасы 50 мың юань болады деп ойлаймыз. Бұл жыл біз үшін өте маңызды. Көптеген компаниялар біздің онлайн-сауда алаңымызға кіруге дайын. Қазақстан кәсіпорындары үшін экпортқа шығуға тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Қытай үкіметі «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасын дамытуға, сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ерекше ықыласты. Қытай мен Қазақстан басшыларының келісімдері ­– іскерлік байланысты дамытудың негізі», ­– дейді JUMORE компаниясының басшысы Лю Хонгсианг

JUMORE басшысы Қазақстанның өнімдерінің, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы жоғары екенін, Қытайда сұраныс жақсы екенін ерекше атап өтіп, онлайн-сауда алаңы қазақстандық кәсіпкерлердің Қытайдың, сондай-ақ әлем елдерінің компанияларымен байланыс орнатуынаа себепкер болатынын жеткізді. Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер