astana-view

Құрылыс саласындағы сатып алуларға бақылау күшейтіледі

2017 жылғы 24 Ақпан
6900 просмотров

28 ақпан күні құрылыстағы мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеудің жаңа механизмі туралы қоғамдық тыңдау өткізіледі

Елбасы Қазақстан Халқына Жолдауында: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», – деп айтқан болатын. Осылайша мемлекет басшысы бюджет шығындарын тиімді пайдалануды маңызды міндет деп белігледі.

Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруда көлеңкелі экономика деңгейін азайту, құрылыс саласында бақылауды және бюджет құралдарын тиімді пайдалану, сондай-ақ, құрылыс субъектілері арасындағы төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ҚР Қаржы министрлігі құрылыстағы мемлкеттік сатып алуларда Қазынашылық сүйемелдеуді енгізуді ұсынып отыр.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2016 жылдың 28 ақпанында сағат 15:00-де құрылыстағы мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеудің жаңа механизмі туралы қоғамдық тыңдау өткізілітенін хабарлайды.

Айта кетелік, аталған механизм енгізілетін болса құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға бақылау күшейтіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  қоғамдық тыңдау тәртібінде «Мемлекеттік сатып алуларды Қазынашылық сүйемелдеу» атты жобаның таныстырылымын жасайды.  

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні мен орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, блокБ, 10-қабат, «Мұғалжар» мәжіліс залы.

 Аталған тақырыпқа қызығушылық танытқан баршаға осы шараға қатысуын сұраймыз. Қатысу үшін және қатысушылардың тізімі мен шараға рұқсатты қаматамасыз ету үшін кандидаттар жайлы мағлұматтарды 2017 жылдың 27 ақпаны, сағат 12:00-ге дейін a.dosmaganova@palata.kz  поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Шараға жауапты: ҰКП Құрылыс департаменті директорының орынбасары міндетін атқарушы Аспена Досмағанова  87012411707


Еншілес ұйымдар

Серіктестер