astana-view

Ресей заң жобасы Қазақстан бизнесіне қауіпті ме?

2017 жылғы 27 Ақпан
7633 просмотров

Тауарлардың жекелеген категориясының айналымына тыйым салуды енгізуге РФ Үкіметінің уәкілеттігі жүретін Ресей Федерациясының заң жобасы туралы жаңалық Қазақстан бизнесінің алаңдаушылығын тудырды

«Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаменті құжат мәтінінде көрсетілген тыйым салулардың енгізілуіне, оның ішінде Кедендік бірыңғай тариф мөлшерлемесінен басқа мөлшерлеме бойынша жеткізілетін тауар айналымдарына, сондай-ақ біржақты тәртіпте шектеу қойылатын («санкциялық тауарлар») тауарларға қатысты енгізілетін тыйым салуларға назар аударды.

«Федералдық заң жобасында РФ қаулысымен анықталатын өзге де тауарларға тыйым салу құқығы белгіленген. Бұл әрбір егеменді елдің құқығы екені сөзсіз, алайда енгізілетін айналым түсінігі күмән тудырады. Ресейдің Федералдық заңына енгізілетін тауардың айналымы – «РФ территориясында жекелеген тауар категориясының тасымалы («тасымалдануы»), оларды сақтау, шамадан артық тиеу, ауыстырып тиеу, қаптау, партияға бөлу, ұқсату (өңдеу)» және т.б.

Өзгертулердің «РФ кедендік реттеу туралы» («О таможенном регулировании в РФ») федералдық заңына енгізіліп жатқанына қауіп тудырады. Сонымен қатар, Одақтың мүше-мемлекеттірінің заңнамалары кедендік бақылауда тек Кедендік одақ заңнамасында реттелмеген бөлігіне таратылады.

Жоба құжатында белгіленген айналым түсінігі Кедендік одақтың Кедендік заңнамасымен қамтылып қойған кедендік реттеудің барлық сұрақтарын түгелдей қосқан.

«Бізді бизнес ретінде Ресейдің тыйым салуды енгізу құқығы емес, шын мәнінде оның ішінде «санкциялық» секілді тауарларға да, ДСҰ аясында біздің Алу тізіміндегі тауарларға да тыйым салуды білдіретін заң жобасына енгізілген айналым түсінігі күмәндандырады», ­– деп пікір білдірді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі Дана Жүнісова.

Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы – Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ секілді ауқымды экономикалық бірлестіктердің қатысушысы. Кез келген өркениетті ел секілді Қазақстан да осы халықаралық ұйымдарға мүшелікке өткенде экономикалық қарым-қатынасты орнатуда өзге қатысушылармен теңдей жағдайда, оның ішінде тауарларды еркін өткізу жолымен де барынша тиімділікті күтті.

«Қазақстан бизнесі үшін күні бүгінге дейін шешімі шықпаған, алғашқы қауіпті дабыл Одақтың мүше-мемлекеттерінің бірі – Ресей Федерациясының ЕАЭО-ның экономикалық қарым-қатынасының реттелуіне сөзсіз қолайсыздық тудырған санкциялық саясат енгізуі  болды.

Бұл Қазақстан үшін, соның ішінде санкциялық тізімнен Ресей аумағына өнім апаруға тыйым салу, сондай тауарларды Ресей аумағы бойынша тасымалдау талаптарын ­– пломбалау, жүкті алып жүру, электронды шот-фактура, қатаң бекітілген жүріс бағыты, жолда қадағалау органдарының үнемі тексеруі және с.с. бірнеше есе қиындату. Бұл жағдайда, әсіресе, Ресейде қаралып жатқан  құжат алаңдатады, ондағы нормалар практикада Қазақстан үшін РФ аумағында «санкциялық» өнім транзитіне толық тыйым салуды қолдануы мүмкін», ­– деп қауіптенеді Дана Жүнісова.

Оған қоса, РФ заң жобасы «Ресей Федерациясы Үкіметін Ресей Федерациясындағы жекелеген санат тауарларының айналымына, Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекеттерінің территориясына жеткізгенде төленген және (немесе) Одақтың бекітілген Кедендік бірыңғай тарифінен басқа мөлшерлеме бойынша кедендік жарна қолданылады, соның ішінде Қазақстанда тыйым салуы енгізу құқығын үлестіру мақсатында жасалған».

ДСҰ-дағы ҚР міндеттемесі аясында Алу тізіміне енгізілген тауарларға қатысты жағдайда барлық алу тауарларының жалпы көлемінен 25% ҚР-ға ДСҰ-ның төмендетілген мөлшерлемесі бойынша жеткізіледі, ал қалған 75% бұрынғыдай КБТ-ға сәйкес импортталатынын атап өтіу аса маңызды.

«Мұнымен қоса, статистикалық мәліметке сәйкес, Қазақстанның Ресейге 2016 жылы экспорттауының жалпы көлемінен Тізімдегі тауарлар үлесі 3,7% құраған, яғни 130,3 млн доллар», – деп түсіндірді Дана Жүнісова.

Одақтың құқықтық базасына сәйкес Қазақстанға ДСҰ мөлшерлемесімен жеткізілген тауарларды кері экспорттау қазірде de facto, ЕАЭО басқа елдеріне жеткізуге тыйым салынған.

«ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің заңнамаларында Одақтас елдердің аумағында қазақстандық Алу тізіміндегі тауар айналымы туралы келісімді орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары қарастырылған.

Өз кезегінде РК «санкциялық» тізіміндегі тауарлар, белгілі болғандай, РФ-да айналымда екені анықталса, жойылуға жатады, Ресей ауыл шаруашылығын бақылау мекемесі көпшілік алдында ауыл шаруашылығы техникасымен тау болып үйілген азық-түліктерді жойғанын бірнеше рет көрсетті. Байқаймын, сол тауарлар да Қазақстанға сондай мәселелермен әкелінеді, Ресейге апарудың тиімділігі жоқ», – дейді Дана Жүнісова.

Алайда, «Атамекен» ҰКП отандық бизнестің мүддесін қорғайтын ұйым ретінде аталған заң жобасы РФ бақылау-қадағалау органдарына ЕАЭО елдерінен әкелінен тауардың тасымалын еш дәлелсіз бақылауды күшейтуге себеп болады, қазақстандық кәсіпкерлердің онсыз да қызығарлықтай емес күйін қиындатады деп қауіптенеді.

«Заң жобасындағы айналым түсінігінің айқын еместігі қауіп тудырады. Егер ҚР территориясына жеткізілген қазақстандық алу тізіміндегі тауарлардың РФ-да айналымына тыйым салу туралы айтсақ, онда ол 2015 жылы 16 қазанында Бурабай хаттамасында реттелген.

Сондықтан, транзит мәселелерінің практикасына сүйене отырып, біздің бизнес транзитке тыйым салу контексінде тауар айналымына кезекті тыйым салуды болжайды.

Яғни, бүгінде ҚР Алу тізіміндегі тауардың 50% транзитпен Ресей Федерациясының территориясы арқылы келген еуропалық тауарлар. Егер федералдық заң жобасының нормасына сәйкес айналым түсінігін негізге алса, онда бұл құжатты қолданғанда біздің бизнес Ресей арқылы ДСҰ тауар импортының мүмкіндігінен айрылады», – деп санайды Дана Жүнісова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер