astana-view

Алматының ірі супермаркеттері бопсалауға ұшырап отырғандарын хабарлады

2017 жылғы 03 Наурыз
- Алматы қаласы
7508 просмотров

Тұтынушылардың ақпараттық агенттігі тексеруге шықты

Алматы кәсіпкерлер палатасына қаладағы бірнеше супермаркеттер желісінің басшылары хабарласып, Е.Бақытбекұлы деген әлдебір азамат сауда орталықтарына барып, кәсіпкерлерді бопсалап отырғаны жайлы айтты.

«Компанияның күзетшілері дүкенде қызметкерлер мен тауарларды смартфонға түсірген әлдебір ер адамды байқаған. Сұрау салғанда, Е.Бақытбекұлы біздің жұмысымызға қатысты кемшілік анықталғанын айтып, супермаркет әкімшілігімен кездестіруді талап еткен. Басшылықты бақылау органдары мен прокуратураға шағым түсіремін деп қорқытқан. Егер супермаркет артық қиындықтарды қаламаса, Тұтынушылардың ақпараттық агенттігімен бірлесіп жұмыс істеу керектігін де айтқан», – дейді «Magnum Cash&Carry» ЖШС сапа бақылауының жетекшісі Эвелина Жолымбетова.

Анықталғандай, ерікті ревизор Алматыдағы барлық супермаркеттерді аралаған. Өз қызметін «GREEN Mart», «INTERFOOD», «Реалист», «Trademarket», «SMALL», «24 часа», «Алма» және «Чайка» дүкендеріне ұсынған. Барлық сауда орталықтары Е.Бахытбекұлымен жұмыс істеуден бас тартқан. Көп ұзамай 3 супермаркетке Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттен тексеру келген. Екі сауда орталығына санэпидемиологтар айыппұл салған. Ал бір дүкенге мәлімдеме жазған.

Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент Тұтынушылардың ақпараттық агенттігі деп аталған мекеменің шағымынан кейін супермаркеттерге барғанын анықтады. Мұнымен қоса, Департамент пен агенттік арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға да қол қойылған.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бұл мәселені Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте талқылады. Жиынға прокуратураның өкілдері, тәуелсіз заңгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Сонымен қатар Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменті мен «Тұтынушылардың ақпараттық агенттігі» ЖШС да шақырылды. Агенттік олақ қызметкерді жұмыстан шығарып, супермаркеттер арасында туындаған мәселе шешілді деп есептеген. Жауап санэпидемиологтар беруге тиіс болды.

«Агенттік Департаментке тұтынушылардың құқығы бұзылғандығы туралы шағым түсірген. Заңға сәйкес, заңды және жеке тұлғалардан шағым түскен жағдайда біз оны қарастыруымыз керек. Қоғамдық ұйымдармен меморандум 2014 жылы жасалды. Біз солар арқылы анықтау жұмысын жүргізгіміз келді. Ал агенттіктің қызметкері пайдақорлықпен қолданғыны туралы білмедік. Кәсіпкерлер палатасы жүгінгеннен кейін меморандум бұзылды», – деп түсіндірді Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент жетекшісінің орынбасары Мұрат Біржанов.

Алматы қаласы кәсіпкрлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов соңғы жылдары бизнесті тексеру 7 есеге артқанын атап өтті. Тексеру көлемі бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент көш бастап тұр. «Тексерулер бизнесмендердің уақытын алады. Компанияның бірнеше қызметкерлері жұмыстарын тастап, тексерушілермен бірге жүруге мәжбүр. Ал осы бақылаушылардың еңбекақысы бюджеттен төленеді. Бұл барлығына тиімсіз. Оның үстіне, статистикаға сүйенсек, оқиғаның жартысында тексерушілер ешқандай қателіктерді таппаған», – деді Юрий Тілеумұратов.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің мүшелері тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамдастықтар саны күр өскенін атап өтті. Кейбіз шағымдарды тексергенде, арыз беруші адамдардың мүлдем жоқтығы да анықталған. Мәселені заңнама тұрғысынан шешуге болады. Мемлекеттік органдарға өз уәкілеттіктерін басқа бақылау мекемелерімен, әсіресе коммерциялық ұйымдармен бөлісуге тыйым салу керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер