astana-view

Бизнес ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен тиімді жұмыс істеуге дайын

2017 жылғы 04 Наурыз
6589 просмотров

1052 емдік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу үшін 19 отандық өндірушілермен 32 ұзақмерзімді келісімшарт жасалды

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Коллегиясының 2016 жылғы жұмыс қорытындысын шығаруға және 2017 жылдың жоспарына арналған кеңейтілген отырысына қатысты

Сонымен қатар, жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, әкім орынбасарлары, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының,  ведомствоға бағынышты мекемелердің, ҮЕҰ аумақтық департтаменттерінің жетекшілері және т.б. қатысты.

Юлия Якупбаева Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Денсаулық сақтау министрлігінің көптеген бірлескен жоспарлары бар екенін атап өтті. Министрліктің, ҰКП мен бизнестің бірлескен барлық бастамаларының  негізгі мақсаты медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылатын 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шараларын таяу жылдардағы жедел тапсырма ретінде атап өтті.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін 2015 жылдан бастап енгізу бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Бірлесе күш салып МӘМС жүйесіне 15 ең төмен жалақы көлемінен аспайтын аударымдар мен жарналар салудың жоғары шегі бекітілді. Ұлттық палата тарапынан жасалған жұмыс берушілердің 2018 жылы % мөлшерлеме аударымдарын 2%-дан 1%-ға азайту мен 2022 жылдан 5%-дың орнына ары қарай өспейтіндей 3% бекіту ұсынысын мемлекеттік орган қолдады. Мұнымен қоса, кәсіпкерлерге салықтық жүктемені арттырмас үшін МӘМС аударымдары сомасына бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасын азайтуды қарастыруды ұсынамыз. МӘМС қорының құрылуына орай оның деңгейінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің барлық түрі, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қаржыландыруды жүзеге асырған жергілікті орган шығындары шоғырандырылады. Осыған орай, жұмыс берушілерден әлеуметтік салықтың түсетін сомасын МӘМС жүйесіне аудару сомасына азайту жергілікті бюджет көлеміне әсер етпейді», – дейді Юлия Якупбаева.

Бұдан басқа, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары медициналық қызмет көрсету бойынша қаржы ағынының өту айқындылығын, сондай-ақ, МӘМС қорының жыл сайынғы қаржылық жоспары және оның жүзеге асырылуы, медициналық қызмет жеткізушілермен жасалған келісімшарттар туралы ақпараттың жалпыға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

«Жарна көлемін арттыру емес, қаржылай қаражаттың жұмсалу тиімділігін өсіру маңызды деп есептейміз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес Министрліктің барлық бастамаларына: корпоративті басқаруды енгізуде, бақылау кеңесінің құрамында, МӘМС жүйесінде және қызмет көрсету келісімшарттарының аясында қызмет көрсетуге белсене қатысуға дайын. Медициналық қызметтң сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін ерікті медициналық сақтандыру мен со-төлемді арттыру арқылы бизнестің мүмкіндігін барынша пайдалану керек. Онымен қоса, электронды денсаулық сақтаудың басты элементіне айналатын, адамның денсаулығы туралы негізгі мәліметтерді сақтауды әрі алмасуды қамтамасыз ететін пациенттің электронды паспортын енгізу талап етіледі», – деді спикер.

Фармацевтикалық саланы дамыту мәселесіне қатысты Юлия Якупбаева мемлекет пен бизнестің бірлесе атсалысуының арқасында «Халық денсаулығы туралы» кодексте ұзақмерзімді келісімшарт туралы түсінік қалыптасқанын айтты. Ұзақмерзімді келісімшарт жасау тәжірибесі алғаш рет денсаулық сақтау жүйесінде қолданыла бастады.

«Бүгінде 1052 емдік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу үшін 19 отандық өндірушілермен 32 ұзақмерзімді келісімшарт жасалды. Импорт алмастыру бағдарламасын орындауда бұл келісімшарттар оң нәтижесін берді. Дәр-дәрмек заттары мен медициналық бұйымдарды «СК-Фармация» ЖШС арқылы сатып алуда жергілікті қамту үлесін ақшаға шаққанда 2017 жылға 17%-дан 30%-ға өсті. Фармацевтикалық өнімнің негізгі өндірісі соңғы 5 жылда 57% артып, 2016 жылы 42,4 млрд теңгені құрады. Мұның барлығы тәжірибеге GMP енгізу процесін жылдамдату мен шығарылатын өнімнің сапасын арттыру үшін осы салаға 350 млн доллардан астам тікелей инвестиция тартқанның арқасында қол жеткізілді. Қазіргі таңда 10 зауыттың 19 өндірістің цехында GMP стандарты ендірілді», – деді Юлия Якупбаева.

Фармацевтикалық саланың экпорттық әлеуеті үдеу үстінде және негізінен генерик түрінде берілген шығарылатын өнімнің номенклатурасы кеңіді. Бүгінде зауыттар 800-ден астам дәрі-дәрмек заттарын шығарады.

Соңғы жылдары ҰКП мемлекеттік органдармен етене жақын бірлесіп, ЕАЭО аясында нормативті-құқықтық актілерді жасауда отандық фармацевтикалық саланың мүддесін қорғады.

Қол жеткізілген нәтижелермен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығарылатын номенклатураның тізімін кеңейту және өндірісті оқшаулауды жоспарлау жолымен импортты алмастыру бойынша жұмыстарды бизнеспен бірге жүргізіп келеді. Бұл мәселеге қатысты ұсыныстар аяқталған соң Министрлікке ұсынылады.

«Министрлікпен бірлесіп шешетін бірқатар мәселелер бар, атап айтқанда, фармацевтикалық өнім жеткізушілердің шығынын фармацевтикалық өнім бағасын реттеу механизмін демпингке қарсы бағдарламаны, алдын ала төлеу механизмін енгізу (аванстық төлем) және т.б. қолданумен жетілдіру жолымен азайту, сондай-ақ, отандық өнімді дамыту және халыққа өз елімізде шығарылатын сапалы өнімдер туралы ақпарат тарату бойынша Жол картасын жасау», – деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Юлия Якупбаева МЖС-ті енгізуге қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, ҰКП Денсаулық сақтау министрлігімен бірге былтырдан бастап осы бағытта жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік органдар, МЖС орталығы, бизнес мен қауымдастықтардың өкілдері кіретін ортақ Жұмыс тобы да бар.

Жұмыс  тобы аясында бизнес өтемақы шығындарын төлеу бойынша талаптарды ашық және нақты беру, қаржы ағынын айқындылығын арттыру, медициналық қызметтерге тариф бекітуді жетілдіру мәселелерін көтеріп келеді.

«Қолданыстағы тариф қалыптастыру әдістемесі кәсіпкерлерге артылатын барлық шығынды қамтымайды. Мысалы, тарифте амортизациялық шығындар, бағасы қымбат жабдық сатып алуға кеткен шығын (5 млн.теңгеден жоғары), күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының шығындары банктік қарыздың пайызы есептелмейді. Күні бүгінге дейін медициналық қызмет көрсету бойынша МЖС-тің барлық келісімшарттарында 5-7 жылға дейін ұзақмерзімді қызмет көрсету мәселесі шешілмеді. Нәтижесінде, МЖС жобасының тұжырымдамасын келісу мен сараптаудың, байқау құжаттамасының мерзімін 210 күннен 135 күнге дейін қысқарту және сараптама мен құжат мақұлдауды қатар (параллельді) жүргізу жолымен процедураны жеңілдету бойынша ұсыныстар Ұлттық экономика министрлігімен жасалды және келісілді, бірқатар құжаттар оңтайландырылды», – деді Юлия Якупбаева.

Мұнымен қоса, бұл жұмыстың жалғасы ретінде ҰКП құны төрт миллион АЕК-тен аспайтын МЖС-тың шағын түріне арналған үлгілік байқау құжаты мен тұжырымдамасын жасау талабын алып тастауды; әкімдіктің еншілес ұйымдарының орнына «тар мойын» әсерін болдырмау мақсатында қаржылық институттарға МЖС жобаларын сараптау бойынша қызметін беруді ұсынды.

«Сауатты қолдана білсек, МЖС саласы экономиканың барлық саласында, әсіресе әлеуметтікте жарамдылығын атап өткім келеді. Ең бастысы барлық процедураларды ашық әрі түсінікті етіп жасау», – деді Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер