astana-view

Юлия Якупбаева: «Қазақстандағы тұрғын үй құрылысын жеке меншік компанияларға беру керек»

2017 жылғы 15 Наурыз
2236 просмотров

Құрылыс саласының үздіксіз дамуы үшін жаңа қарқын қажет

Бүгінде құрылыс саласында 52 мыңнан аса құрылыс компаниялары тіркелген. Олардың ішінде 28,6 мыңы тұрақты жұмыс істеп келеді. Бұл мәлімет сектордың тұралап қалғанын көрсетеді және көп жағдайда дәлелді себептерге байланысты орын алған. Саланың үздіксіз дамуы үшін жаңа қарқын қажет. Бұл туралы «Дағдарыс жағдайында жаңа тұрғын үй бағдарламасы: шынайылық және келешек» тақырыбында өткен CFO Idea Exchange&Networking Event-2017 саммит жиынында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады.

«Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету 2010 жылы адам басына шаққанда 18,4 шаршы метрден болса, 2017 жылдың басында 21 шаршы метрге дейін өсті, алайда бұл БҰҰ-ның 9 шаршы метр стандартынан аз. Мысалы, Ресейде, бұл коэффициент 23,4 шаршы метрді құраса, Ұлыбританияда 70 шаршы метр, ал Қытайда 39 шаршы метр, яғни біз біршама артта қалдық. Сіздер нарық жағдайының күрделенуі туралы айтасыздар, бірақ тұрғын үйдің түрлі қабаты бар – элиталы, бизнес-класс, әлеуметтік. Халықтың басым көпшілігі ипотеканы да, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі қарызды да өтеуге қауқарсыз. Алматы, Астана қалалары мен Ақмола, Алматы облыстары – құрылыс жүріп жатқан негізгі өңірлер. Бүгінде құрылыс саласы дегеніміз не? Бұл, жобалаушылар мен тағы басқараларды қоспағанда, 80% орта және шағын бизнестегі 50 мыңнан аса құрылыс компаниялары. Статистика бойынша 220 мың адам, ал ілеспе салаларды қосқанда шамамен 1 млн адам жұмыспен қамтылған. Егер қолдау шараларын тоқтатын болсақ, олар өңірлердегі тұрғын үй құрылысын арзандатады, ондай жағдайда адамдарды жұмыссыз қалдырамыз», – деп пікір білдірді Юлия Якупбаева.  

Оның айтуынша, Қазақстанда енгізілген әлеуметтік мақсаттағы, жеке тұрғын үй құрылысы, Экспо мен Универсиаданың ірі ауқымды жобалары туралы мәлімет құрылысқа деген мүдделіліктің бар екенін көрсетеді. 2013–2016 жылдар аралығында республика бойынша жыл сайын шамамен 1 млн шаршы метрге өсу тенденциясы байқалған. 2016 жылы 10,2 мон шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, оның ішінде мемлекеттің үлесінде тек 1 млн шаршы метр бар.

Бірақ осы құрылыс көлемі бәрібір жеткіліксіз. Себебі тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны азаймай отыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 2,5 млн астам адамға жетті, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны – 400 мың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салысшылары – 780 мың, 10 сотық жер алу кезегіндегілер – 1,3 млн адам. Оның үстіне жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй кезегінде тұрғандардардың қатарында 170 мың адамның тұрмысы төмен, ал 180 мыңы «мемлекеттік қызмер және бюджеттік мекеме жұмыскерлері» санатына және 80 мың адам «жетім балар, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар» санатына жатады.

Мемлекет барлық бағдарламалық құдаттарды бір Бағдарламаға шоғырландыру жолына түсті. Бұл оның жүзеге асырылу тиімділігі мен бюджеттік қаражаттың айналымын бақылауды жеңілдетеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2017–2021 жылдары 1,5 млн отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жаңа тәсілдер халықтың экономикалық белсенді бөлігін Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мен екінші деңгейлі банктік қор есебінен ипотекалық несиелеу бойынша қолжетімді бағамен үй алуға ынталандырады. Осылайша экономикалық белсенді халықтың 95% (8,4 млн адам) тұрақты табысы бар. Бұл сан Бағдарлама әрбір адамның қызығушылық танытатынына әлеуетті екенін білдіреді.

«Ұзақ мерзімді келешекте тұрғын үй құрылысын түгелдей құрылыс саласындағы жеке меншік компанияларға беру керек деп есептейміз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бағдарламаны қабылдауға белсенді түрде қатысып, жұмыс барысында түзетулер мен өзгертулер ұсынатын болады. Мысалы, ұсыныстардың бірі – өздігінен тұрғын үй құрылысымен айналысатын, сол арқылы жүйені жасаушы кәсіпорындарға 2021 жылға дейінгі Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беру», – деп атап өтті. Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер