astana-view

Жеке кәсіпкер мектеп оқушыларының мәселесін шешіп берді

2017 жылғы 18 Наурыз
- Қарағанды облысы
8524 просмотров

Тұмсық ауылының оқушылары енді сабақтан қалмайтын болды

 

Шет ауданы, Тұмсық ауылының тумасы Азамат Білалов бизнес-ұсынысы арқылы ауылындағы оқушылардың басты мәселесін шешіп берді.

Былтырғы жылдың қараша айында ол Кәсіпкерлер палатасының Шет ауданындағы филиалына өз бизнесі үшін мемлекет тарапынан қолдау сұрай барған. Кеңесшілер оған бағдарламаны түсіндіріп қана қоймай, бизнес-жоспарын құруға да қол ұшын берді. Арада бір ай өткен соң Азаматтың қолына 3 млн теңге көлеміндегі микрокредит тиіп, ол оған Mercedes Sprinter микроавтобусын сатып алған.

 «Бұл мен үшін жаңа жыл алдындағы ең үлкен сый болды. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бизнес жоспарымды қорғап қана қоймай, қаржыландыруға қол жеткіздім. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім де, жұмысымды бірден бастап кеттім», - дейді жас кәсіпкер қуанышын жасыра алмай.

Тұмсық ауылы аудан орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан. Ауылда аудан орталығына қатынап оқитын 26 оқушы бар. Балалар айына 198 теңге абоненттік төлем төлейді.

Шет ауданы білім беру бөлімінің хабарлауынша Тұмсық ауылынан бөлек Жыланды және Целинный елді мекендерінің оқушылары орта білім алу үшін басқа ауылдардағы мектептерге қатынап оқиды екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер