astana-view

59 сот актісі кәсіпкерлер пайдасына шешіліп, 5,4 млрд теңге сомада алматылық бизнестің мүліктік құқығы қорғалды

2017 жылғы 27 Наурыз
- Алматы қаласы
6436 просмотров

Өңірлік бағдарлама бойынша Алматы қаласында 3000 сауда орнын құру ұсынылды

Оңтүстік астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен қала әкімі Бауыржан Бәйбектің қатысуымен Кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясы өтті.  Конференцияның жұмысын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарама Төрағасы ашық деп жариялап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференцияда басты тақырыптар қатарында мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлер құқығын таптау фактілері, шамадан көп тексерулер, жер учаскілерінің нысаналы мақсатты қолдануын өзгертуден негізсіз бас тарту,  сонымен қатар әкімшілік заңнаманы оңтайландыру қажеттілігі және басқа да кәсіпкерліктің дамуын тежейтін мәселелер болды.  

Конференцияда Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының әкімдігі үнемі тығыз байланыста екенін айтты. «Атамекеннің» бастамасымен біз Іскерлік кеңестің жұмысын жандандырдық. Бұл конференция атқарлыған жұмыстарды қорытып, қолға алынбақ жобаларды жоспарлау үшін қолайлы алаң», – деді қала басшысы.

Бауыржан Байбек қала дамуында бизнестің рөлі орасан екенін айтты. Қаланың экономикалық ахуалын арттыруда, мәселелерді  шешуде  «Атамекен» ҰКП сынды кәсіпқой қоғамдастықпен етене араласу тиімді болатынын алға тартты. «Алдымызда бір мүдде тұр – алматылықтардың әл-ауқатын жақсарту. Алматы ірі экономикалық орталық, ЖІӨ-нің 22,7% біздің қалаға тиесілі. Алматылықтардың 70% шағын және орта компанияларда қызмет жасайды, Оңтүстік астана мемлекетіміздің салық түсімдері бойынша бас доноры болып отыр», – деп атап өтті әкім.

Алматы қаласында өткен Кәсіпкерлер конференциясында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков баяндама жасады. Кеңес төрағасы Елбасы Жолдауы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік – бизнес-ортан жақсарту мен ұлғайтуы Палатаның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.  Ерлан Стамбеков 2016 жылы Алматы қалалық ӨКП-ға жеке компаниялардан түскен 163 өтінімнің оң шешілгені туралы айтты. ӨКП сарапшыларының көмегімен сот отырыстарында қаралған 59 сот актісі кәсіпкерлер пайдасына шешіліп, 5,4 млрд теңге соманы құрайтын бизнестің мүліктік құқығы қорғалды.  «Биылғы жылдың ақпанында Алматы қаласы әкімдігімен тұрақты емес сауда объектілерінің жұмыс реттеу бойынша комиссия құрылған болатын. Комиссия құрамына Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы өкілдері кірді. Енді Астана үлгісінде Алматы қаласында 3000 сауда орны өңірлік бағдарламаны қолға алу ұсынылып отыр», – деді Ерлан Стамбеков.  

 Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша Төтенше жағдайлар департаменті (2016 жылы тексерулер саны – 1565 рет жүргізілген, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 9 есеге өскен) мен Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті (2016 жылы тексерулер саны – 3460, 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5 есе өскен) көш алында тұр. 

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы конференция барысында бизнес-қоғамдастықтан түскен бірқатар ұсыныстарды талқылауға салды.  Ұсыныстар ішінде жекеменшік медициналық клиникаларға қатерлі ісікке ота жасауға тиім салатын заңға өзгертулерді енгізу, сондай-ақ, экспорттауда кедендік рәсімдеу процедураларын азайтуға қатысты ұсыныстар бар.

Конференция барысында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева баяндама жасады. Баяндамаларда шағын және орта бизнестің экономикалық дамудағы үлесі, Алматы қаласы туризм орталығы болуындағы әлеуеті айтылды.  

 Конференцияда алматылық кәсіпкерлер өзекті сұрақтарын «Атамекен» басшылығына қойып, толымды жауап алды. Конференция жұмысын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов қорытындылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер