astana-view

Оңалту және банкроттық туралы

2017 жылғы 29 Наурыз
33477 просмотров

Қарыздан құтылып, банкроттық бойынша процедураларды қалай аяқтауға болады?

Қазақстан Рсепубликасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес сот банкроттық бойынша істі бастау үшін борышкердің төлеуге қауқарсыз екені туралы арызы жеткілікті. Дегенмен, банкрот болғаны туралы кез келген жеке кәсіпкер немесе заңдық тұлға  жариялай алмайды.

Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi болмаған кездегі төлем қабiлетсiздiгi өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады. Борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiру мүмкiндiгi болған кездегі төлем қабiлетсiздiгi немесе борышкерге таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындайтындай күйде болмайтын төлем қабiлетсiздiгі қаупiнiң төнуi оның оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады. Яғни, егер борышкерде орындалмаған міндеттер болмаса немесе конкурстық іс жүргізуден тыс кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мүмкiндігі болса онда сот борышкердің банкроттығын танымауы мүмкін.

Борышкердің өтініші сотқа жазбаша нысанда беріледі. Оған борышкер басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны алмастыратын тұлға қол қояды. Банкроттық туралы іс қозғалған соң борышкердің мүлкіне қатысты басқа сот актілерінің орындалуына тиім салынады, сонымен қатар кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органы мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банктік шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейді. 

Банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап органдер мен борышкердің қатысушыларына компанияның коммерциялық операцияларынан басқа мүлікті талап етуге немесе қолдануға тиім салынады. Аталған іс-әрекеттерді борышкер уақытша басқарушымен келісіп отырып жасау керек.

Сот iс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар қатарынан уақытша басқарушыны тағайындау туралы ұйғарым шығарады.

Бұл кезеңде уақытша басқарушының басты міндеті ақпарат жинау болып табылады, сондай-ақ уақытша басқарушы бекітілген сату жоспарына сәйкес мүлікті өткізуге міндетті. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді оның төлем қабілетсіздігі белгілерінің бар не жоқ екендігін растау мақсатында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік құжаттарының негізінде сот шешімі шығарылғанға дейін жинауды жүзеге асыруға міндеттеледі.

Уақытша басқарушы сотқа дейектеме береді. Ол құжат арқылы борышкердің өтеу қабілетсіздігін дәлелдейтін болады. Сот отырысында борышкерден басқа уәкілетті орган, прокуратура, несие берушілер және басқа да осы іске қатысы бар адамдар қатысады. Олар іс бойынша азаматтық процессуалдық кодексіне сәйкес пікір, куәлік береді.

Егер борышкер жоқ болған жағдайларды қоспағанда, борышкер сот отырысына келмеген жағдайда, сот оны мәжбүрлеп келтіру туралы ұйғарым шығарады. Борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берген кредитор сот отырысына келмеген жағдайда, сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.  Бұл кезең сот актісі бойынша борышкердің өтеу қабілетсіздігін тану немес танымау бойынша ұйғарымымен аяқталады.

Осы ретте сот уақытша қатаң ережелермен шектеледі: Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша қозғалған банкроттық туралы іс ол қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс. Борышкердің өтеу қабілетсіздігі танылғаннан соң ең соңығ әрі ең ұзақ кезең басталады: заңды тқлғаларды мемлекеттік тіркеуге жою туралы хабарлама жазылады.

Сот борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы шешiм шығарған күннен бастап банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өтті деп есептеледі; борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлікті кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалану мен өткізуге және міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады; банкрот берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыларды (мүдделерді) есепке жазу тоқтатылады. банкроттың мүлкіне жаңадан тыйым салу және банкроттың мүлкіне иелік етуге өзге де шектеулер қою мәмілені жарамсыз деп тану туралы және банкротқа қойылған, мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы қуынымдары бойынша ғана жол беріледі.

 Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушының өтінішхаты бойынша сот үш айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады.Енді жұмыстарды басқару уақытша басқарушыға жүктеледі. Уақытша басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеуді жүргізеді және кредиторлардың алғашқы жиналысына түгендеу туралы есепті ұсынады.  

Уақытша басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін бақылау мен қорғауды міндетіне алады. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау мен банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттықты басқарушының – банкроттық рәсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарайды.     

Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мәмілелер, егер оларды борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңда көзделген негiздер болған кезде банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасасқан болса, жарамсыз деп танылады.  борышкердің лауазымды адамдары борышкердің мүлкі барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады. 

Заңнама бойынша көзделген тәртіппен сайланған өкіл банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңмен өзіне берілетін кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкіл кредиторлар талаптарының тізілімінде еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бекіту нәтижелері және оларды қарау нәтижелері бойынша оны сайлаған жиналыс (конференция) алдында есеп береді.  заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң мемлекеттiк тiркелiмдерiне бұл туралы жазба енгiзiлгеннен кейін банкротты тарату аяқталды, ал банкрот жұмыс iстеуiн тоқтатты деп саналады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер