astana-view

Қостанай бизнесінің мәселелері «Атамекен» бақылауында

2017 жылғы 30 Наурыз
- Қостанай облысы
5643 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтен көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарында кепілзатсыз несие беру кестесін сақтауды сұрады

Соңғы шешім алдағы екі апта ішінде берілмек. Бұл туралы Қостанайда өткен Өңірлік кеңес отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов хабарлады.

«Зуевка» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің директоры Александр Бородин өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. «Бұрын егіс пен егін жинау науқаны «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» арқылы қаржыландырылатын, кепілгер «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болды. Бірақ көптеген шаруашылықтарда қоятын кепілзат жоқ! Олардың жай ғана жанар-жағармай материалдарын алуға қаражаты болмай отыр. Уақыт аз қалды, небәрі бір ай ғана...», ­– деді Александр Бородин.

Кәсіпкердің көтерген мәселелерін естіген «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пікір білдірді. «Қаңтар айынан бастап осы мәселені дабыл қаққандай көтердік. Қазақстанның әр аймағынан мысал келтіруге болады, өңірлерден шағым түсіп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрі екі апта ішінде осы мәселені шешемін сендірді. Әрине, бағдарлама жаңа, түсініксіз тұстары да бар. Біз де асығыс шешім кепілдік несиелеуге ауысады деп есептейміз. Дегенмен, асықпау керек», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Өз кезегінде Александр Бородин Ұлттық палата тарапынан көсретіліп жатқан қолдауға алғысын білдірді. «Мемлекеттік органдар мүлдем басқаша қабылдайды. Бүгінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жазамыз деп айтар болсақ, жазудың қажеті жоқ, барлығын орындаймыз деп жауап береді», – дейді кәсіпкер.

Ал, «Қарасу» аймақтық-өндірістік кешенінің жетекшісі Алмат Тұрсынов Ресей Федерациясына ет өнімін экпорттауда туындайтын қиыншылықтар туралы баяндады. Қиындықтар облыстағы 17 ветеринарлық зертхананың біреуі ғана аккредиттеуден өткендігінен және сол жерде ғана құжаттарды ресімдей алатындықтан туындап отыр. «Ресейге құжат ресімдеу үшін 10 тәулікке дейін уақыт өтеді. Сол себепті де ет жөнелтілмейді, себебі тоңазытылған еттің сақтау мерзімі 3-7 күн ғана. Осындай мәселе туындамас үшін облыстағы барлық зертханаларды аккредиттеуге болмай ма?» – деп сауал тастады Алмат Тұрсынов.

«Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Рүстем Құрманов бұл мәселе қаралып жатқанын, осы жылы Қарабалық ауданында тағы бір зертхана аккредиттеуден өткізілетіндігін хабарлады. Ал қалған зертханалардың тиімділігі зерделенуде. Аккредиттеуге кететін шығынның орны толтырылады ма, ол жағы да анықталып жатыр. Алайда, Абылай Мырзахметов атап өткендей, бұл ­бюджеттің мәселесі және бизнес одан зардап шекпеуі тиіс. Сонымен қатар, Рүстем Құрманов облыстағы тұқым өсіретін шаруашылықтардың жабылу қаупін жою үшін алғашқы репродукция тұқымдарын субсидиялау бойынша мәселелерді шешуде жәрдемдесуге уәде етті.

Жиында қостанайлық кәсіпорындар мен «Транспорттық сервис орталығы» АҚ мүдделерінің араздығы туралы дай айтылды. Еске салсақ, бұған дейін монополист біржақты тәртіпте келісімшартты бұзғанына және ТМРжБҚК бекіткен жаңа есептеуге сәйкес тариф бекіткеніне бизнес шағымданған болатын. Нәтижесінде, кәсіпкерлерге түсетін қаржылық жүктеме бірнеше есе артқан.

«Әрине, бұл ақылға сыймайтын жағдай, бөгет қойып, біреуге салым сала беру ең оңайы. Біз «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының» басшылығына да бұл ұсақталу Транспорттық сервис орталығы үшін немен аяқталғанын жеткіздік. Сондықтан да Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшылығына жүгіндік және тарифтерді жоғарылату бойынша шешімді жоюға күшімізді саламыз. Ол жақ барлық құжаттарды сұратты. Өз бақылауымызға аламыз және жақын күндері шешім шыққан бойда сіздерге хабарлайтын боламыз», ­– деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер