astana-view

Қазақстан кәсіпкерлерін Беларусь Республикасында қорғау шарасы

2017 жылғы 05 Сәуір
5645 просмотров

Беларусь Республикасының бас Прокуратурасы Ұлттың палатаның ұстанымын қолдап, қазақстандық бизнесті жақтады

Ұлттық палатаға бизнес өкілдері өзге мемлекеттерде туындаған өзекті мәселелер бойынша жиі хабарласады. Мұндай жағдайда палата сарапшылары шет мемлекеттердің заңнамасы мен сот тәжірибесін зерттей келе, адал кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын.

Беларусь Республикасының кедендік органдарының бастамасымен Беларусия соты Қазақстан кәсіпкерлеріне айыппұл салған әрі олардың мүлкі тәркіленген екі оқиғаға тоқталсақ. Беларусь Республикасының бас Прокуратурасы Ұлттың палатаның ұстанымын қолдап, қазақстандық бизнесті жақтады.

С.А.М. АLA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

С.А.М. АLA» ЖШС мен оның жеткізушісі – BudriIntarsio италялық компания арасында – өңдеу мәрмәрларын, мәрмәр тақталарын тұрақтандыруға арналған материалды, сүлгі кептіргіштерді, сантехникалық қоспалар мен керамикалық тақталарды, жарықтандыратын жабдықтарды жеткізу бойынша келісімшарт жасалған.

Жүкті СП «Дженти-Спедишн» фирмасы тасымалдаған.

2016 жылдың 7 сәуірінде беларуь Республикасы мемлекеттік кеден комитетінің Гродно Өңірлік Кедені тауардың жөнелтпе құжатында тауар тасымалдаушының қате өтінішіне байланысты тауар тыйым салған.

2016 жылдың 8 шілдесінде Гродно қаласы Октябрь аудандық сотының қаулысымен көлік жұргізушісі А.А.Минтюк Беларусь Республикасының Әкімшілік кодексінің 145-бабымен әкімшілік құқық бұзды деп танылған. Әкімшілік жаза 20 базалық үстеме көлемінде (70 мың теңгеден астам) әкімшілік айыппұл түрінде салынған. «Дженти-Спедишн» фирмасы да Кодекстің 14.5-бабы бойынша құқық бұзды деп танылып, 70 базалық үстеме (шамамен 260 мың теңге) салынды және «С.А.М. АLA» ЖШС-ға 150 базалық үстеме – 550 мың теңгеден астам айыппұл мен тауарды тәркілеуге шешім қабылдады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берілген құжаттарды зерттеп, Беларусь Республикасындағы ҚР Елшілігіне және ҚР Бас прокуратурасына хат жолдады. Хатта орын алған жағдайды айта келе, әділетсіз шешім шығарылған, қатаң жаза қолданғаны туралы хабардар ете отырып, кәсіпкерлердің мүддесін қолдауды сұраған.

Серіктестіктің жүгінің арасында Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулі немесе тыйым салынған тауар болмаған. Сот «С.А.М. АLA» ЖШС қолдау хатында кінәнің жоқтығы туралы көрсетілген құжат ресімдеу жеткізушіге тапсырылған, сондай-ақ тауарды тәркілеу туралы қосымша жаза негізсіз салынғаны жайлы дәлелдерді назарға алмаған. Себебі жүк СП «Дженти-Спедишн» фирмасына емес,  серіктестікке тиісілі. Сондай-ақ, «Дженти-Спедишн» гродно қаласының облыстық қосының қаулысына шағымданып, Гродно қаласы Окбярь аудандық сотына қайта қарауға жіберілген. «С.А.М.АLA» ЖШС тәркіленген атуарын қайтаруға жәрдемдескен «Атамекен» палатасына алғысын білдірді.

Осылайша «С.А.М.АLA» ЖШС шамамен 40 млн теңге сомасындағы мүліктік құқығы қорғалған.

Десамидзе А.О. мен «Б&А Кеден-Сервис» ЖШС

Гродно облысы Ошмян ауданы сотының қаулысымен 2016 жылдың 12 ақпанында А.О.Десамидзе Кодекстің 14.5 бабының үшінші тармағына сәйкес әкімішілік жауапкершілікке тартылып, 5 базалық үстеме көлемінде (шашамен 17 мың теңге) айыппұл салынған. Сондай-ақ «DAF» маркалы тартқыш пен «Schmitz» маркалы жартылай прицеп көлігін тәркілеген.

«Б&А Кеден-Сервис» серіктестігіне де аталған бап бойынша әкімшілік жаза қолданылып, 20 базалық үстеме көлемінде (70 мың теңгеден аса) айыппұл салынған, көліктері тәркіленген.

2016 жылы 31 наурызда Гродно облыстық соты Ошмян аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Кәсіпкерлер палатасы бұл үкімді де тым қатаң деп есептейді.

БР Жоғары Соты Пленумы қаулысының 10 тармағына сәйкес тәркілеу түріндегі әкімшілік жаза Кодекстің Ерекше бөлігіндегі баптарда тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады. Егер Кодекстің ерекше бөлігінде тәркілеу түріндегі қосымша әкімшілік жаза қолдану немесе қолданылмауды қарастырса, сот әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты негізделген дәлел келтіруі керек.

Келтірілген сот актілерінде негіздеме жоқ. Сот тек А.О.Десамидзе кәмелеттік жасқа толмаған балалардың еңбегін пайдаланғанын көрсетіп, аз көлемде айыппұл салған. Сондай ақ сот А.О.Десамидзенің бұрын әкімшілік жазаға тартылмағанын, жасалған істің соңы зиян келтірмегенін ескерген. Алайда әкімшілік жауапкершілікке «Б&А Кеден-Сервис» да тартылған.

Ұлттық палатаның өтінішімен ҚР Бас прокуратурасы берген хатқа 2017 жылдың 17 ақпанында БР Бас Прокуратурасының № 3000-7-2017 жауап хатында жасалған іс Кодекстің 14.5 бабының 3-тармағына бойынша  заңға қайшы деп келтірілген.

2017 жылдың 14 ақпанында БР Бас прокурорының орынбасары Беларусия Жоғары Соты төрағасының атына 2016 жылы 12 ақпандағы Ошмян ауданы сотының қаулысы мен 2016 жылдың 31 наурызында Гродно облыстық судьясының шешімін жою туралы хат жоладаған.

Өкінішке қарай, Беларусияның Бас прокуроры мен Ұлттық палатаның өтінішін Жоғары Сот қанағаттандырмады.

Екі жағдайда Беларусь Республикасы Бас прокуратурасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өтінішіне деген ұстанымын ерекше атап өту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер