astana-view

Электронды шот-фактураны барлығы береді

2017 жылғы 07 Сәуір
9469 просмотров

2016 жылдың 1 қарашасынан бастап тауар жеткізушілерінің барлығы, оның ішінде ҚҚС төлемейтіндер электронды шот-фактураны беруге міндеттеледі. Қалған салық төлеушілер бұл талапқа 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап міндеттелетін болады

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 263-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілер қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат шот-фактура болып табылады.

2015 жылдың 12 қазанында бiздiң елдің ДСҰ кіруі туралы хаттама Қазақстан республикасы Президентінiң Жарлығымен ратификацияланды және 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан аталған ұйымның толық құқықты мүше болды. ДСҰ-на Қазақстанның кiруiнiң негiзгi шарттары, оның ішінде тауарлық позицияның бірқатары бойынша тарифтік мiндеттемелер – Алып қою тізбесі, әкелу ставкасы ДСҰ шарттарында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтің шеңберiнде қолданыстағы кедендік бажбен салыстырғанда төмен болып табылады. Тауарлар тізбесі 2015 жылғы 14 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Қазақстан Республикасы ДСҰ ға кіру шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес, ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемесімен салыстырғанда біршама төмен кедендік әкелу баждарын қолданатын тауарлар тізбесі туралы» №59 Шешіміне қол қойылғанын еске саламыз. ҚР Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады

 "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығының 7-тармағына сәйкес Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10423 болып тіркелген), Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:

      -бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

      -ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

      -Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;

      -бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;

      -ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды.

Бір заңды тұлғаның шегінде тауарларды беруге байланысты, ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді.Бұл ретте бұл әкетілім Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған өткізу бойынша айналымға енгізілмейді.

Ереженің 4-1-тармағы бойынша салық төлеуші электронды шот-фактураларды  ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 256, 263 және 264-баптарына сәйкес шығарады, сонымен қатар 2015 жылдың 9 желтоқсанында ҚР Заңымен ратификацияланған және 2016 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттамасының» нормативті-құқықтық актісімен қарастырылады.

 ҚР Салық кодексінің 263-бабының 1-тармағына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруге міндеттеледі.Осы ретте ҚР Салық кодексінің 263-бабының 3-тармағына сәйкес  салық төлеушілер кодекстің 256-бабының 2-тармағында қарастырылған 1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:

      1) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжат жазып берген болса;

      3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса.

Шот-фактуралар бойынша міндеттеме 2016 жылдың 11 қарашасынан бастап барлық Тауар тізбесіне енген тауар жеткізушілеріне, сондай-ақ ҚҚС-ті төлемейтін таура жеткізушілеріне бірдей орындалады. Осы ретте егер сатылатын тауар Тауар тізбесіне кірмеген болса, онда тауар жеткізушілері шот-фактураны беруге міндеттелемейді. 

Қосымша ақпарат «Шағын және Орта бизнес» бөлімінен алуға болады.

 

 

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер