astana-view

СҚО-да 100-ден астам адам «Бастау Бизнес» жобасына қатысады

2017 жылғы 11 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының 5 ауданында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оқу науқаны басталды

«Бастау Бизнес» жобасына қатысуға 260-тан астам адам өтінім берген, барлық үміткерлер тестілеуден өтіп, бағдарламаның техникалық жаңылуынан 6 қабылдамай қалды. Бірінші ағымда 129 тыңдаушы оқуға кірісті, қалғандары келесі ағымда оқудан өтеді. Барлығы 6 ағым жоспарланды. Оның ішінде 937 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адам оқудан өтуі тиіс. Оқу аяқталысымен 188 бизнес-стартапты жүзеге асыру жоспарланған.

Теориялық сабақтардан бөлек практикалық сабақтардың өткізілуі аталған жобаның өзге оқыту жобалардан басты артықшылығы.  Жалпы курс 12 модульден тұрады. Оқуға қатысушылар бизнес жүргізудің, яғни: салық төлеу, қаржылық сауаттылық, бизнес-жоспарлау, заңдық біліктілік сынды басты бағыттарын меңгеретін болады. Оқу аяқталысымен қатысушылар бизнес-тренерлерімен бірге бизнес-жоспарларын жетілдіретін болады. Ең үздік жобалар арнайы комиссия алдында қорғалады. Қорғалған жобалар міндетті түрде мемлекеттік жеңілдетілген қаржыландыруды алады.  

Курсқа қатысушылар бұл жоба табысты болуға жол ашатын мүмкіндік екенін айтты. Бұрын бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін қалалар мен ірі аудан орталықтарға барып, мекемелер табалдырығын тоздыру машақаты орын алған. Ал қазір ауыл ауылда тегін білім беріп, қаржы алуға жол ашатын жобаның халық үшін маңызы зор. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер