astana-view

Сыртқы нарыққа шығудың мүмкіндігі зор

2017 жылғы 12 Сәуір
8426 просмотров

«Атамекен» ҰКП өз өнімімен экспортқа шығуға дайын бизнеске қажетті байланыстарды орнатып, керекті ақпаратты жинақтауға әрі беруге әзір

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың бұл сөзі «Батыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экпорттық әлеуеті» форумында басты түйінге айналды. Форум Орал қаласында Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің алаңында өтті.

Форумды Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ашып, облыстағы басым бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы екенін атап өтті. «Біз өңірдегі ауыл шаршуалығының кейбір салаларында, әсіресе мал шаруашылығында өнім көлемі артып отырғанын көреміз. Сондықтан агронеркәсіп кешені өнімінің экспорт әлеуетін талқылаудың маңызы зор. Біздің өңірге Нұржан Бауыржанұлының келуінің де орайлы болып отыр. Ол қазақстандық өндірушілер өнімінің экспортқа шығу жобаларын дайындаумен тікелей айналысады, қазақстандық делегация құрамында Қытай, Израиль, Біріккен араб әмірліктері, Иран елдеріне іс-сапармен барды. Отандық өнімді эскпортқа шығару мүмкіндігі мен келешегі жайлы өз аузынан естуге мүмкіндік туып отыр», –деді облыс басшысы.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы өніміне Қытай, Парсы шығанағы елдері, Иран, Изариль елдерінің нарығы ашылып отырғана назар аударды. «Біздің артықшылығымыз – өнімдердің экологиялық тазалығы. Осы елдер дәл қазір үлкен көлемде қой, сиыр етін, бал, жасымық, өсімдік майын, тауықтың жұмыртқасын және де басқа өнімдерді алуға дайын», – деді Нұржан Әлтаев.

Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, өндірушілердің алдынан кедергілер де шығып отыр, оны жалғыз өздері шешуге шамалары келмейді. Отандық кәсіпорындарда туындайтын мәселелер – мерзім, сапа мен көлем. Сатып алушылар өнім сапасына жоғары талап қояды, кәсіпорындар қойылатын талаптарға сәйкестіктің өзіндік емтиханынан өту керек. Оның үстіне, өнімнің көлемі мен кезеңділігіне қатысты талаптарға қазақстандық ауылшаруашылығы өндірушілерінің мүмкіндігі жете бермейді.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесіп эспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау бойынша қарқынды жұмыс атқарып келеді. Сондай-ақ, бүгінде білгілі бір шектеу қойылған өнімдердегі кедергілерді жою бойынша да жұмыстар жүргізіліп келеді. Вице-премьер Асқар Мырзахметовтың жетекшілігімен біздің өнімдеріміздің әлеуетті импорттаушысы болып отырған бірқатар елдерге іс-сапарда болып, жағымды келіссөздерге қол жеткіздік. Қазақстандық өндірушілерді шоғырландыру мүмкіндігі, қазақстандық агроөнеркәсіп пен азық-түлік кәсіпорындарының өнімдерін Қытайға жеткізудегі шектеулерді алып тастау мәселелері қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда май өнімдерін, дән, балық экпортқа шығарылып отвр. Ал, 2017 жылы ірі қара мал мен ұсақ малдардың еті және бал экспортқа шығарылатын болады. Қазақстан өнімдерін Біріккен араб әмірліктері, Иран, Израиль елдеріне экспорттау жобалары дайындалып жатыр», – деді Нұржан Әлтаев.

Кәсіпкерлер форумға асқан қызушылықпен қатысып, жоғары белсенділік танытты. «Кублей» ЖШС директоры Талғат Берекешов, «Жайық Ет» ЖШС деректоры Темірғали Ескендіров, «KAZKON» кондитерлік фабрикасы» ЖШС директоры Марат Қаженов, «Орал құс фабрикасы» ЖШС Талан Оразғалиев сөз сөйледі. Атап айтқанда, «Кублей» ЖШС директоры Талғат Берекешев, Ұлттық палата Басқарма Төрағасы орынбасарының пікірін қолдап, алып сатарларға кезігіп қалмас үшін дұрысы экспортқа жалғыз шықпау керектігін ерекше атап өтті. «Жайық Ет» ЖШС директоры Темірғали Ескендіров пен БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қаиршин агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының арасындағы кооперация мүмкіндігі мәселесін көтерді.  

Сонымен қатар, Нұржан Әлтаев ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың Жол картасын әзірлеу туралы сөз қозғады. «Ауыл шаруашылығы өндірісінің әрбір саласындағы барлық басымдықтарды, әсіресе мәселелерді анықтап, жекелеу керек және олар бойынша негізгі жұмыс бағыттарын айқындау қажет».

«Батыс Қазақстанның әлеуеті зор. Өңіреліңіздің географиялық орналасуы ерекше, климатты жағдайы да жақсы, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы, өңір басшылығының қолдауы да маңызды. Сондықтан алыс шетелдердің нарығына шығудың әлеуеті таяу уақытта жүзеге асуы мүмкін», – деді Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер