astana-view

ЕЭП сатып алудағы ашықтықты қамтамасыз етеді

2017 жылғы 13 Сәуір
6235 просмотров

«Нарық сараптамасы және мониторингінің орталығы» ЖШС және «Ғылым қоры» АҚ Еуразиялық Электрондық Порталын пайдалану туралы Келісімге қол қойды

«Атамекен» ҰКП «Нарық сараптамасы және мониторингінің орталығы» ЖШС және «Ғылым қоры» АҚ арасында Еуразиялық Электрондық Порталын пайдалану туралы Келісім жасалды.

Іс-шараға «Ғылым қоры» АҚ Президенті Әнуарбек Сұлтанғазин мен «Нарық сараптамасы және мониторингінің орталығы» ЖШС директорының м.а. Айымгүл Әбілева қатыстты.

Келісімнің мәні «Ғылым қоры» АҚ грант алушылардың сатып алулар процесстерін жариялылы және ашық ету, грантқа бөлінген қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау саласында тараптардың серіктестігі және өзара әрекеттестігі болып табылады.

Келісім шеңберінде «Ғылым қоры» АҚ өз грант алушыларының арасында Еуразиялық Электрондық Порталының қолжетімді және перспективалық қызметтерін қолдану туралы ақпаратты таратады.

«Ғылым қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ғылым қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1057 қаулысына сәйкес құрылған. «Ғылым қоры» АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi елдегi ғылыми зерттеулердiң практикалық iске асырылуын қамтамасыз ететiн басымды, бастамашылық, тәуекелдi зерттеулердiң және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың дамуына жәрдемдесу болып табылады. «Ғылым қоры» АҚ жалғыз акционері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ болып табылады.

«Нарық сараптамасы және мониторингінің орталығы» Ақпараттық-аналитикалық порталын құру туралы шешімді 2012 жылғы 15 наурызда «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық-экономикалық палатасының Президиумы қабылдады. Аталған міндеттерді орындау мақсатында 2013 жылғы 25 қарашада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысу үлесі 100% «Нарық сараптамасы және мониторингінің орталығы» ЖШС құрылды, серіктестіктің басты мақсаты қазақстандық «Нарық сараптамасы және мониторингінің орталығы» Ақпараттық-сараптамалық бизнес-порталын құру болып айқындалған.

Еуразиялық Электрондық Портал – қағазсыз сатып алулар процедураларының толық циклын өткізу электрондық сервисін қамтамасыз ететін қолжетімді ақпараттық жүйе. Электрондық сатып алулар Порталда нақты уақыт режимінде өткізіледі және заңды әрекеттерді электрондық-сандық қолмен растау арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді іске асыру бойынша азаматтық-құқықтық келісімдерді электрондық нысанда іске асыруға заңды тұлғаларға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер