astana-view

Беларусь Республикасы ЕАЭО Кедендік кодексіне қол қойды

2017 жылғы 13 Сәуір
- Астана қаласы
5170 просмотров

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексіне қол қойды

12 сәуірде Беларусь Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық интеграцияны дамытуға қатысты бірқатар құжаттарға қол қойды. Оның ішінде келешекте интеграциялық процестерді тереңдетуге және Еуразиялық экономикалық одақ пен әлемдік қоғамдастық арасындағы сауда көлемін арттыруға бағытталған нормалар қамтылған ЕАЭО Кедендік кодексі бар.

Еске салсақ, былтырғы жылдың соңында Беларусь Еуразиялық экономикалық одақ Кедендік кодексінің жобасын мақұлдаған. Ал қол қоятын күнді беларустық тарап хабарламаған еді.

ЕАЭО Кедендік кодексі туралы келісімшартты Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми құқықтық порталынан көруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер