astana-view

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары Бішкекте бас қосады

2017 жылғы 14 Сәуір
- Астана қаласы
5036 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақтың 2017-2018 жылдарына арналған макроэкономикалық саясаты талқыланады

2017 жылдың 14 сәуірінде Бішкек қаласында Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қатысуымен Одақтың жоғары органының кезекті отырысы өтеді.

Отырыс барысында Одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастығының негізгі бағыттары, алдағы кездесулерде анықталған еуразиялық интеграциясы дамуы векторларына сәйкес көптарапты өзара әрекеттестік жолдары талқыланады деп жоспарлануда.

Мемлекет басшыларының бүгінгі кездесуі аясында Қазақстан Республикасынан Комиссияс  Алқасы (министрлер) мүшелері бекітіледі. Бұл Комиссия монополияларға қарсы (бәсекелестік) жұмысты реттеу, сонымен қатар қаржылық саясат және кәсіпкерлік блоктарын басқаратын болады. ЕАЭК Кедендік кодексі бекітілгендіктен Еуразиялық комиссия жұмысы Регламентіне енгізілмек өзгертулер бизнес үшін маңызды тақырып болып отыр.

Өзгертулерге сәйкес Кеңес кедендік реттеу саласында өзекті мәселелерді шешу бойынша қосымша құзіретке, сондай-ақ сезімтал сұрақтар тізбесіне толықтылулар енгізу мүмкіндігіне ие болады. Тізбе бойынша Комиссия Алқасы шешімдері консенсуспен қабылданады.

Сонымен қатар Кеңестің халықаралық жұмысының 2015-2016 жылдардағы негізгі бақыттары қарастырылады. Айта кетелік, бұл жұмыстар ЕАЭО-ның сауда-экономикалық серіктестерімен интергарциялық үдерістерді ілгерілету және ЕАЭО-ның бәсекеге қабілетті халықаралық ұйым ретінде инновациялық дамуы үшін жасалып отыр.  

Одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық ахуалын жақсарту мақсатында кездесу барысында ЕАЭО-ға мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараптамасы негізінде Одақтың 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық дамуының негізгі бағыттарын мақұлдау ұсынылады.  

 ЕАЭО отырысының қорытындысы еуразиялық кеңістіктегі интерграциялық процестердің терең бойлауына және баршаға ортақ даму бағытында, жаңа  экономикалық жетістіктерге жетугее, достастық қанытастарды бекемдей түсуіне кеңінен жол ашады.  Шараға Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Белоруссия, Ресей басшылары қатысады.     


Еншілес ұйымдар

Серіктестер