astana-view

ЕАЭО мен Кореяның келешектегі ынтымақтастығы Астанада талқыланады

2017 жылғы 17 Сәуір
- Астана қаласы
5821 просмотров

24 сәуір күні «Атамекен» ҰКП  Еуразиялық экономикалық комиссиясымен бірлесіп ЕАЭО мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтамақтастығын анықтау бойынша сараптау сессиясын өткізеді

Корея Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО мен Корея арасында еркін сауда туралы келісім жасауға ынталы екені туралы нота жолдаған. 2015-2016 жылдары аралығында Еуразиялық экономикалық комиссия (ары қарай – ЕЭК, Комиссия) кореялық тараппен бірлесіп ЕАЭО мен Кореяның сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту жолдарына ғылыми-зерттеу жұмысын жасады, сонымен қатар осы сұрақ бойынша бейресми кеңес беру өткізілді.

Қазіргі таңда Комисся мен Одаққа мүше мемлекеттер екі тарап (ЕАЭО мен Корея) арасындағы экономикалық қарым-қатынастың келешектігі мен тиімділігін саралап жатыр.  Екі жаққа да тиімді жолдарды зерттеу жұмыстары аясында 24 сәуір күні Еуразиялық экономикалық комиссиясында  ЕАЭО мен Корея арасындағы экономикалық байланысының келешектігі мен өзекті мәселелерін талқылау мақсатында сараптау сессиясы өткізіледі.

Оңтүстік Корея – Азия-Тынық мұхит аймағында ең әлеуетті экономикалық қуат болып саналады. Бұл мемлекет Дүние жүзі ЖІӨ-нің 1,65%-ын құрайды. Сонымен қатар экспорттау бойынша әлемде 5-орынға (дүниежүзілік экспорты бойынша – 3,1%), импорттау көлемі бойынша 8-орын (дүниежүзілік импорты бойынша – 2,8%).

Қазақстанның Кореяға экспортының шамамен 78%-ын «Шикі мұнай мен мұнай өнімдері шикізаты» құрайды – ТН ВЭД 270900. Корея Республикасындағы импортты мұнайға деген баж салығы  3%-ды құрайды. Кореядан Қазақстанға негізінен «Көлемі 1500 см3-ден көп, 3000 см3-ден аспайтын цилиндрерлі ішкі жану қозғалтқышы бар көліктік жабдықтар» - ТН ВЭД 870323 және «Моторлы көліктік құралдарға арналған шанақтар, тауарлы орналасуы 8703» - ТН ВЭД 870710 тасымалданады.  Осы тауарларға импорттық салық БКТ (Бірыңғай кеден тарифы) бойынша 16,3%  және 7,5 % сәйкесінше құрайды.

Аталған тақырып қызықтырған болса, «Атамекен» алаңында 2017 жылдың 24 сәуірінде өтетін сараптау сессиясына қатысуға шақырамыз. Өтетін орны мен уақыты: «Түркістан» мәжіліс залы 26-қабат, сағат: 14:00.   

Шараға қатысуға ниетті адамдар жайлы ақпаратты «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне 2017 жылдың 20 сәуіріне дейін  жолдауды сұраймыз. (Жауапты маман – Әлнұр Данишев, тел. +7(7172) 919-373, email: a.danishev@palata.kz.).  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер